World Boxing ұйымы биылғы үздік боксшының есімін жариялады.
Үздік боксшы атағына қазақстандық Махмұд Сабырхан лайық деп танылды. Ол әлеуметтік желі арқылы дауыс беруде жеңіске жетті. Махмұдпен бірге тізімде өзбекстандық Жавохир Умматалиев пен Фазлиддин Эркинбоев және бразилиялық Луис Оливейра мен Юри Фалькао болған.
Жерлесіміз қазақ халқының ауызбіршілігі және жұдырықтай жұмылуының арқасында олардан оқ бойы озып шықты. Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын жеңіп алған болатын.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
