Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов тағы бір ізгілікті іс жасап көпшіліктің ықыласына бөленуде. Ол компаниясының барлық қызметкерінің 65 жастан асқан ата-анасына ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Тұрсынғали Алагөзов басқаратын GALANZ bottlers компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында да жазылды.
«GALANZ bottlers жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылды қорытындылап, әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына зейнетақы төлемдерін жариялады.Әрбір ата-ана компаниядан ай сайын 50 000 теңге алатынын мәлімдеді», – делінген жазбада.
Кәсіпкер бұл бастаманы ата-ананың еңбегін құрметтеу әрі қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында қолға алынғанын айтты.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл игі іске ризашылық білдіріп, ізгі тілектерін жолдауда.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
