«Мінезді болыңдар! Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде орыс тілінде сөйлеуді талап етіп жатқандар көп. Алайда Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес, ешкім орыс тілінде сөйлеуге міндетті емес.
Керісінше, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 4-бабына сәйкес, әрбір қазақстандыққа, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру борышы жүктелген.
Мінезді болайық. Мен сот алдында да орыс тілінде сөйлеуді талап еткен өтініштерге бой ұсынбаймын.
«Келесі жыл мемлекеттік тіл жылы болсын» деген ұсынысты қолдайтындар болса, пікір қалдырыңыздар. Егер мен Тоқаев мырзаға үндеу жасасам, қолдайсыздар ма?
Мен жеке куәлігімдегі құлдық «ев», жалғауынан арылдым. Сіздерге челлендж ретінде жолдаймын», – деп жазды заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында.
Белгілі заңгер 2026 жылды «Қазақ тілі жылы» деп атауды ұсынды
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев келер 2026 жылды «Қазақ тілі жылы» деп атауды ұсынды. Заңгер Мемлекет басшысының атына арнайы үндеу жолдамақ ниеті барын жеткізді.
2026 жылы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болғанына 37 жыл толады. 1989 жылы «Тіл туралы» заңы қабылданып, мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп бекітілген болатын.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
