Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі, қазақ театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімовтің өмірден өтті.
Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы Жайылма, Сарысу ауданы, Жамбыл облысында туған. Кино және театр актёрі, режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері (2017).
1956–1961 жылдары Әшімов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актёр мамандығы бойынша бітірген. 1961 жылдан ол Қазақфильм киностудиясына актёрлік штатқа қабылданды. 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актёрлік құрамында.
Театр сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қалтай Мұхамеджанов, Шыңғыс Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Уильям Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, Макс Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, Игорь Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актёрдің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Герхарт Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.
Кино саласында Әшімов қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актёрлердің бірі делінеді. Оның кинодағы Бекежан (Қыз Жібек, 1971), Шадияров (Атаманның ақыры, 1971), Мәмбет (Сарқырама, 1973), Қасымханов (Трансібір экспресі, 1977), Кемел (Нан дәмі), Нұрғазы (Алатаудың ай мүйізі), Қаражал (Жаушы, 1980), Шыңғыс хан (Бұлғар даласынан ескен жылы жел, 1998) рөлдері белгілі болды.
Әшімов режиссёр ретінде де кең танылды. Ол сахналаған Николай Гогольдің «Ревизор» (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді», И. Оразбаевтің «Мен ішпеген у бар ма?!» (екеуі де 1987), С. Ванустың «Сұлтан болсам егер мен» (1988), Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» (1989) спектакльдері мен ол түсірген «Жылан жылы» (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), «Шоқан Уәлиханов» (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған «Асанәлі» деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді.
Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979–1982 жылдары ол педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан ол — «Елім-ай» киностудиясының президенті. Парасат орденімен марапатталған.[3]
Кітаптары
- «Майраның әні»
- «Жан бөлек»
- «Алаштың Асанәлісі»
- «Менің жанрым — күнделік»
- «Ғұмыр-дария»
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы