Қазақстандық жас өнертапқыш, инженер Санжар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary.
«Менің батарея стартабым Лондонда өткен әлемдегі ең ірі автоөнеркәсіп “MOVE” аталатын конференциясында 200 стартаптың ішінен «2025 ЖЫЛДЫҢ СТАРТАПЫ» деп атанды! Бұл іс-шараға 5 000 қатысушы қатысты — арасында Mercedes-Benz, BMW, Hyundai басшылары бар. PS. LG бас директорымен бірге жеңіс түскі асына ризамын», – деп жазды Санжар.
Санжар Тайжан – Қазақстаннан шыққан жас және алдыңғы қатарлы инженер, зерттеуші және стартапшы. 1997 жылы Алматыда туған, кейін Англияда білім алған. Ол University of Warwick-те автомобиль инженериясы бойынша бакалавр дәрежесін алған және Jaguar Land Rover, McLaren, Warwick Manufacturing Group сынды жетекші компаниялармен жұмыс істеген.
Жетістіктері:
Hyperloop жобасы: Санжар Cambridge және Warwick университеттерінің Hyperloop командаларын құрып, 400+ инженерді басқарды. SpaceX ұйымдастырған жарыста Warwick командасы үздік 35 құрамға кірді (1600 команданың ішінде)
Jaguar Land Rover тәжірибесі: Энергия тиімділігіне арналған лити-ионды батареяларды әзірлеп, электромобильдердің жүрісін 8%-ға ұзартқан.
- Forbes Kazakhstan «30 under 30» құрамында
Санжар Тайжан – ғылым, кәсіпкерлік және инновацияны біріктірген қазақ жастарының өкілі. Университеттен бастап халықаралық деңгейдегі жобаларға дейінгі жолы – Қазақстанға қайтып, технологиялық туынды шығарып, экожүйені дамытуға дайын екенін көрсетеді. Оның жетекшілігі мен жобалары – жасанды интеллект пен жасыл технологияларға енуге үлгі бола алады.