Басты бет » Жастар үні » «Жастар Рухы» «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын өткізуде

«Жастар Рухы» «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын өткізуде

Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Жастар Рухы» жастар қанаты дәстүрлі «Менің Елім – Менің Туым» республикалық акциясын бастады.

Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік Туға деген құрметті арттырып, елдік сана мен патриоттық рухты нығайту.⠀
Айта кетеміз, соңғы үш жылда «Жастар Рухы» еліміздің түкпір-түкпірінде осы бағытта кең ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді.


Биыл да бұл игі бастама өз жалғасын тауып, республика бойынша барлық аймақта Мемлекеттік Ту ілінеді деп жоспарлануда.

Акцияға тұрғындар, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар мен ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар атсалысуда.