Басты бет » Жаңалықтар » Неден бастарымызды білмей жатырмыз: Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады

Неден бастарымызды білмей жатырмыз: Сәкен Майғазиев көпшіліктен кеңес сұрады

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының тойына дайындығы туралы жазба жариялап, көпшіліктен кеңес сұрады, деп хабарлайды Jastar janary.«Ассалаумағалайкум, Асылдарым! Алланың берген өнерінің арқасында қаншама салтанатты кештерде, той-томалақтарда ән шырқап қызметте жүрміз, қонақта болып жүрміз.
Бұл жолы біз қонақта емес той иесі атанғалы отырмыз. Алла қаласа ұлымыз үйленгелі жатыр. Шаңырағымызға келін түскелі жатыр. Алла қуаныштан кемде қылмасын. Енді бір мәселе қуаныш пен қобалжу қатар жүретініне көзіміз жетті. Біз анасы екеуміз неден бастарымызды билмей отырмыз. Енді оның ішінде шақыратын қонақтардың тізімі, қай Салтанат сарайында жасаймыз. Одан қала берді безендіру, той бастар, салт-дәстүр, жөн-жоралғы. Енді оны той жасап жүрген адамдардың бәріне белгілі дүниелер. Бір жағы мен ойлаймын енді қанша тойда қызмет жасап жүрсекте өзіміз ат үстінде жүрген азамат болғандықтан ән сапарда, іс сапарда жүргендіктен бір сенімді қолға тапсырып ұйымдастырушы алсақ па екен дегенде ойымыз бар. Сіздердің кеңестеріңіз бізге ауада қажет болып тұр. Егер жақсы ұйымдастырушыларды білетін болсаңыздар немесе сіздердің кештеріңізді кереметтей деңгейде өткізіп берген ұйымдастырушылар болса төменге жаза кетіңіздер»,  – дейді Сәкен Майғазиев.