Басты бет » Жаңалықтар » МӘМС заңындағы өзгерістер қандай?

МӘМС заңындағы өзгерістер қандай?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына қандай өзгерістер енді? Бұдан халыққа пайда бар ма?
Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов аталған заңға енге өзгерістер туралы айтты.

Жұмыссыз қалсаңыз — емханадан айырылмайсыз
Бұрын 2–3 ай жарна төлемесең — бірден «сақтандырылмаған» деп шығатын. Сосын емхана қабылдамайтын.
Енді бұлай болмайды. Егер адам бірнеше жыл бойы тұрақты төлем жасап жүрсе – сосын жұмыстан айырылып, 6 айға дейін жарна төлемесе де, бухгалтериясы кешіктіріп төлесе де, мәртебесі сақталады. Яғни, емхана мен ауруханаға баруға құқығы бар.

Күрделі көз операциялары – енді жеке клиникада да жасалады.
Бұрын көз мүйізгек қабығын ауыстыру секілді операциялар тек мемлекеттік ауруханада ғана жасалатын. Заңда осындай шектеу болды. Енді оны лицензиясы бар жеке клиникада да жасатуға болады. Демек таңдау көп, кезек аз, көмек тезірек көрсетіледі.

МӘМС болмаса да алғашқы көмек көрсету сақталды.
МӘМС жарнасы болмаса да: поликлиникаға баруға, негізгі анализ тапсыруға, ЭКГ, УЗИ өтуге, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ем алуға (туберкулез, ВИЧ, онко), дәрігер кеңесін алуға құқығы бар.

Ақша қайда кетті – ашық болады
Енді:
– МӘМС қоры,
– ақша алатын барлық клиникалар
есеп беруге міндетті: қанша алды, неге жұмсады.

Артық жүктеме болмайды
МӘМС-ке төлем жасағанда жарнаның шегі:
– жұмыс беруші үшін шекті 40 АЕК-ке,
– қызметкер үшін 20 АЕК-ке дейін түсті.

Заңсыз емхана — бірден тексеріледі
Енді:
– Медбақылау комитеті рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан клиникаға шұғыл әрекет етеді;
– Министр өзі тексеру тағайындай алады — егер қоғамда резонанс туса немесе шағым түссе. Бұрын бұл үшін көп қағаз, уақыт керек еді. Енді бұл шапшаң болуы керек.