Белгілі актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында «сырғалым» атанғаны туралы жазды, деп хабарлайды Jastar janary.
Әлеуметтік желіге сырға салу рәсімінен жүктелген видеода Айжұлдыз Адайбекованың анасы белгілі актриса Жанар Айжанова екі жасқа ақ батасын берді.«Қосағыңмен қоса ағар, Сәкенің қасыңда болсын, бір жастықта қартайыңдар. Алла тағала тіл көзден сақтасын, ұстасқан қолдарың ажырамасын», – деді Жанар Айжанова.