Басты бет » Жаңалықтар » Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады

Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді. Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.

«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын. Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті.

✔️