Басты бет » Жаңалықтар » Қарақат Әбілдина: Сұлулық – әйелдің бағы, қадіріне жетпесе – соры

Қарақат Әбілдина: Сұлулық – әйелдің бағы, қадіріне жетпесе – соры

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ерлі-зайыптылардың арасындағы байланыстың жақсы болуы ер азаматқа байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Jastar janary.
«Әйелдің бақыты, соры неде?
Бүгін маған осындай сұрақ қойып, бір сөзбен жауап берсеңіз деді. Бір сөзбен жауап беру мүмкін бе?
Еркек – Аспан, әйел – Жер. Аспан бұлт төніп, жаңбыр жауса, Жер бетінің сәні кетіп, шалшыққа айналады. Ал Аспан ашық болса, Жер беті шұғылаға бөленіп, құлпыра түседі. Демек, сүйген жарының жанарынан жас төгілуі немесе жүзінен күлкі кетпеуі – еркекке байланысты.
Біреулер «сұлулық – әйелдің бағы, қадіріне жетпесе – соры» дейді. Ал қазекем «жібекті түте алмаған жүн қылады, қызды күте алмаған күң қылады» деген.
Меніңше, Әйел баласымен, жарымен, яғни отбасымен бақытты. Демек, әйелдің тағдыры – ерінің қолында.
Соры – жан дүниесін түсінетін, қолдайтын, қамқор болатын ер азаматын жолықтырмағаны шығар мүмкін…
Сан сауалдың ішінде мені толғандырған сұрақтың бірі осы болды. Ал Сіз бұған қалай жауап берер едіңіз?» – деп жазды Қарақат Әбілдина.