Қазақ кино индустриясы үшін ақжолтай жаңалық жетті.
Халықаралық Шығыс Европа кино фестивалінде каскадер, режиссер, һәм актер Қаратүрік Ғалымбектің «Тұтылған жарық» туындысы топ жарды.
Бас-аяғы 200-ден астам шығарма бақ сынауға беріліп, үш айдан астам іріктеу жүргізілген фестивальде «Тұтылған жарық» ең үздік қысқаметражды фильм деп танылды.