Сот отырысы Талдықорғанда өтуде. Істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты жүргізіп жатыр.Сот залына 9 айыпталушы жеткізілді. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеудің барысы және қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған.
Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Осы іс бойынша 11 күдікті қамауға алынған еді.