Әнші Қарақат Әбілдина ана мен бала арасындағы тылсым байланыс туралы жаелідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Jastar janary
«Ана туралы ән айтылғанда тамағыма ащы өксік тығылады. Сіздерде де солай ма?
Ана мен бала арасындағы тылсым байланыстың құдіреті қандай күшті еді…
Балам сахнада қолында бір шоқ гүлі бар «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деп анасына ән арнап тұр. Анасы болса «сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын» деп өз анасын ойлап көңілі босап отыр.
Ех, бір кем дүние-ай. Аналарыңыз аман болсыншы», – деп жазды Қарақат Әбілдина.