Басты бет » Жаңалықтар » «Ақтөбеде босанды»: Желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваны ана атануымен құттықтап жатыр

«Ақтөбеде босанды»: Желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваны ана атануымен құттықтап жатыр

Фото: Instagram/ kamshat__zholdybayeva

Фото: Instagram/ kamshat__zholdybayeva

Желі қолданушылар белгілі әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы жазып, құттықтап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі актер Ғазрет Қажымұқанұлымен отау құрғаннан кейін өнерден алыстып, психологияға бет бұрған еді. Бүгінде оқырмандары Жолдыбаеваның ана атанып үлгергенін жарыса хабарлауда.

«Бөпеңіздің бауы берік болсын!», «Мен де естідім, біздің Ақтөбеде турып жатыр, енесімен, аяғы ауыр деп. Босанған шығар», «Босанды, қазір қырқынан шықты», — деп жазды желі қолданушылары.