22 жастағы қала тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді.
Нәрестелердің салмағы 2 770, 2 410 және 2095 грамм болды. Бұл – отбасындағы тұңғыш сәбилер.
Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты.