Танымал әнші Альбина Шардарова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды Jastar janary.
«Күнделікті күйбең тіршілік сол. Айтпақшы, біздің отбасымызда бір сүйінші жаңалықтар болып жатыр. Бөлісейін бе сіздермен?
Отбасымызға +1 күйеу бала. Енді өзімнің қайынсіңілімді ұзатамын бұйырса. Жастарға бақыт тілеп қойыңыздар!» – деп жазды.