Басты бет » Жаңалықтар » Елімізде бірқатар жаңа кәсіби мереке пайда болды

Елімізде бірқатар жаңа кәсіби мереке пайда болды

Еліміздегі кәсіби мерекелер тізіміне жаңа мерекелер қосылды. Бұл өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен енгізілді. 

28 қаңтар – Қаржы мониторингі органдары күні.

Шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні.

Тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлері күні.

Қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні.

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.

Қазан айының соңғы жексенбісі – Автокөлік қызметкерлері күні.

10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні.

13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні.