Актриса және блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қиды, деп хабарлайды Jastar janary. Өміріндегі айтулы жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сүйіктісі қарашада Исландиядағы сарқыраманың жанында ұсыныс жасаған еді. Ал бүгін екі жас мешітте неке қидырды.
«Әрекет пен дұға түбі береке. 24.01.2025. Ерлі зайыпты», – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Сондай-ақ Айжұлдыз мәһрге 101 раушан гүлін сұрады. «101 раушан гүлі. Жеңіл болсын», – деді ол.