Белгілі әзілкеш-блогер Елдос Қадырханов әлеуметтік желідегі парақшасында туған күн кешінде түсірілген видеоны желіге салып көпшілікті жақсы жаңалығымен қуантты, деп хабарлайды Jastar janary.
«Басты жаңалығым осы қанша жыл күттім осы жауапты Аллаға сансыз шүкір енді тек дұғада болыңыздар, Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып 13 жыл емделдім нәтиже болмады, Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар, баласы барлар бізді түсінбейді… жонушка екеуіміз отбасымыздың атынан @ecomed.astana ұжымына алғыс айтамыз, менің дәрігерім @dariger_azamat мырзаға Алла разы болсын өшіп бара жатқан үмітті лаулатып жағып бергеніңізге рахмет. Аллаға шүкір, шүкір, шүкір», – деп жазды.
Желі қолданушылары «Алла қаласа көпбалалы отбасы боласыздар», «Шілдехананы күн жылы кезге туралаңдар ия?! Қап кетіп өкініштен өртеніп кетпейік», «Керемет, Алла тілеуіңді берсін», – деп ақ тілектерін жаудырды.