Басты бет » Жаңалықтар » Әсия БАҒДӘУЛЕТ: Шерзат Полаттың әулеті үшін бұрынғыдан да қорқа бастадым

Әсия БАҒДӘУЛЕТ: Шерзат Полаттың әулеті үшін бұрынғыдан да қорқа бастадым

Журналист әрі мәдениеттанушы Әсия Бағдәулет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаскүнемдер қолынан 16 жасар Шерзат Полаттың отбасына қатысты пікір білдіріп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Jastar janary.
«Шерзат Полаттың әулеті үшін бұрынғыдан да қорқа бастадым. Қаңтар оқиғасы кезіндегідей, биліктің пікірі бет бақтырмайтын, анық позиция. Жапа шеккенді жазалау, қалай да кінәлі ету, озбырлық деуге болады. Мүмкін Шерзатты өлтіргендердің бірінің болмаса бірінің ағайын-туыс не танысы Ақ ордада отырған да болар. Не сол жаққа сыналап жол тапқан шығар. Әйтпесе Тоқаевтың Талғардағыдай әр істі қадағалап, біз секілді іске қатысты видеоларды түгел ақтарып қарап, іштей сараптама жасап отыратын уақыты да жоқ қой. Оған ақпаратты түйіп, қорытып жеткізетіндерден (тағы да) көңіл қалды.
Не болса да бұл билік тарапынан өте сауатсыз қадам болды. Жапа шеккен отбасын қорғауға алып, істі әділ де сапалы жүргізсе Бишімбаев ісінен кейін оянған халықтың «заң үстемдігіне», демек ел болашағына үміті артар еді. Ал мына ұстаным қылмысы таспаға түскен бұзақылар үшін күллі мемлекеттің құқық қорғау саласын құрбандыққа шалғандай сауатсыз әрекет. Жоғары жақтың көзқарасы рулетка секілді болжап болмайтын нәрсеге айналды ғой», – дейді Әсия Бағдәулет.