Басты бет » Жаңалықтар » «Біртұтас тәрбие» сапалы ұрпақ тәбиелеуге бағытталған

«Біртұтас тәрбие» сапалы ұрпақ тәбиелеуге бағытталған

Тұңғыш рет мектептерде төл құндылықтарымызға негізделген әрі қазіргі заманға лайықталған тәрбие бағдарламасы енгізілді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай аясындағы іске асқан бастамаларға тоқталды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірлеуге еліміздің ең мықты деген методист-ғалымдары және Алтынсарин атындағы академия қызметкерлері атсалысты. Бұған дейін білім беруге басымдық берілсе, биылдан бастап барлық мектепке жас ерекшеліктеріне қарай бірыңғай тәрбие бағдарламасын да енгіздік. Бұның нәтижесін бірнеше жылдан кейін көреміз, тіпті бір буын өкілі ауысуы мүмкін», – деді Мемлекеттік кеңесші.

 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы балабақшадан бастап студенттерге дейінгі жастарды қамтиды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлттық құрылтайдың жұмыс кездесуінде тәрбие бағдарламасы туралы айтып берді.

«Жаңа бағдарлама 6 құндылыққа негізделеді. Адал азамат, ұшқыр ойлы азамат, Абайдың толық адам идеясы жобаның басты қағидаттары болып отыр. Біздің балаларымыз тәрбиеленіп жатқан кез келген білім беру мекемелері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмыстарын өткізеді», – дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу, әділеттілік пен адамгершіліктің айқын бейнесі болатын адал азаматты қалыптастыру. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ұлттық құрылтайдың жұмыс кездесуінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жөнінде баяндама жасады.

«Бағдарламаның өзегі – Әділетті Қазақстан, адал азамат, озық ойлы ұлт, идеологиялық үштағанмен ұштасып жатыр. Оның мазмұны ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын 6 құндылыққа сәйкес жүйеленген», – дейді министр.

Бағдарламаның мазмұнын әзірлеуге Ұлттық құрылтай мүшелері Оразалы Сәбден, Жақсылық Құлекеев, Еділ Жаңбыршин, Жұлдыз Сүлейменова, Динара Зәкиева, Дихан Қамзабекұлы, Сәуле Досжан, Вадим Басин атсалысқан.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Балалар кітапханасы» жобасы аясында балалар басылымдарына қолдау көрсетілетінін айтты.
Жоба аясында жас оқырмандарға ұсынылатын 1 770 кітаптың тізімі бекітілген.
Оның 22%-ы – классикалық әдбиеттер, 39%-ы – Тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттер;
15%-ы – қазақ әдебиеті; 25%-ы – шетел әдебиеті.
Бағдарлама шеңберінде мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту жоспарланған. Сонымен бірге министр осы жоба аясында балаларға арналған басылымдарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.