Басты бет » Жаңалықтар » «Беташар» ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енді

«Беташар» ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енді

Қазақтың ежелгі салттарының бірі – «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді.  Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jastar janary порталы.

Фото: nur.kz

Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы сессиясында қазақтың ежелден келе жатқан салттарының бірі – «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Аталған сессия барысында Комитет 58 елден ұсынылған 58 номинацияның 45-і қарастырып, соның ішінде 43-і реттік нөмірмен «Беташар» рәсімі ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Бүгінде ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 13 элемент енгізілген, оның 5-уі ұлттық қазақ мәдени мұрасына қатысты: «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй орындау дәстүрі», «Қазақ күресі», «Асық ату ұлттық ойыны», «Қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері», қазақтың ұлттық биі «Ортеке».
«Киіз үйді жасау», «Айтыс өнері», «Наурыз» және «Қатырма», «Қорқыт ата мұрасы», «Тоғызқұмалақ» және «Құсбегілік», «Қожанасырдың әзіл әңгімелері» секілді ұлттық элементтер бірнеше елдің ортақ мәдени мұрасы ретінде енгізілді.