Басты бет » Жаңалықтар » Бала неге кеш сөйлейді?

Бала неге кеш сөйлейді?

Ата-ана ең алдымен баланың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін баланы жан-жақты қызықтырып, әр істеген кішкентайда болсын іс-әрекетін мақтап, марапаттап, әр жеткен жетістігіне тәттімен, сыйлықтармен қуантып отыру керек. Күнделікті баламен үздіксіз жұмыс жасап, әрқашан баламен жақын қарым-қатынаста болу керек.

Баламен қалай жұмыс жасаймыз?

Құрсақта бала пайда болғаннан бастап дайындалу керек.

Бала туылған кезден бастап көп ата-аналар көп көңіл бөлмейді. Өзге тілдегі мультфильмдерді көрсетеді. Баланың тілі уақыты шығу үшін 6 айдан бастап балаға теледидар, телефон секілді заттарға тиым салу қажет. Одан бөлек, балаға 6 айдан бастап қосымша тамақ беретін кезде оның дұрыс шайнап жатырғанына мән беру керек. 7-8 айында еңбектету қажет, сол кезде баланың миы жақсы дамиды. Ходунокқа отырғызбау керек. Барлығы 6 айдан басталады, сөйлеу тілініде осы 6 айда қалыптасады.

 Баламды қалай сөйлетемін?

Ең әуелі анасы бала дүниеге келместен бұрын өз денсаулығына қарау керек.

Тұмаурату, вирустар, қызылша секілді аурулар дүниеге келетін баланың сөйлеу тіліне кері әсерін тигізеді. Қаназдықты емдеу керек. Бала өмірге келгенде жылап туылуы қажет. Баламен өте көп жұмыс жасау керек. Иммунитетін көтеру керек. Бала 2 айда «гулеп» сөйлеуі қажет. Ең бастысы, ұйқысы уақытылы болу керек.

6 айда бала былдырлап сөйлеуі керек. Алты айдан бастап көрген затын қолмен нұсқап, шақырған кезде атына қарайды. Бір жаста баланың сөздік қорында 10 сөз болуы қажет.  Егер бір жаста 10 сөз болмаса дабыл қағу керек. Ал екі жаста 70-ке жуық сөз болуы керек. Екі сөзді қосып айта алуы қажет. Үш жаста кризис болады, эго пайда болады. Үш жаста баланың сөздік қорында 700-ге жуық сөз болады.

«Мама, құстар неге ұшада?» «Ағаш жапырақтары неге қимылдайды?» деген секілді.

Төрт жаста 1 200-1 300 сөз болады. Дыбысты анық айта білу керек. Бес жаста л, р дыбыстары анық шығып, мектепке дайын болу керек.

«Менің балам ең ақылды»,

«Менің балам ең әдемі»,

«Менің балам қатарластарының алды!»

«Менің балам әдемі сөйлейді!»

«Менің балам анық сөйлейді» деп баланы мақтап отыру керек.

Сөйлеу тілін қалыптастыру үшін қандай органдармен

жұмыс жасаймыз?

Сөйлеу тілі тікелей баланың миына байланысты. Көз, құлақ, ми, тістің қисық болуы, тіс шірігі осының барлығы рөл ойнайды. Бой өсуі, тамақ жей алу, ему процесі, шайнау, еңбектеу процесі.

Бойы, салмағы жасына сай болуы тиіс.

Баланың жейтін тамағы баланың сөйлеу тіліне әсер етеді ме?

Баланың эмоция шығаруы тікелей жеген тамақтарына байланысты.

Шартты, шартсыз рефлекс болады.

Сору – шартсыз рефлекс.

Артикуляцияға жауапты.
Автоматты түрде жасайтын заттар: жылау, айғайлау.

Шартты – үйрететін заттар.

Тамақ жеуді үйрету, горшокқа отырғызуды үйрету деген секілді.

Сигналдың дұрыс келуі, гармон, витаминдерге байланысты.

Шайнап жемесе, ет жемесе, гемоглабин аз болады, темір жетіспеушілігі болады. Ал бұл дегеніміз шайнау процесінің бұзылуына алып келеді. Әртүрлі фаст-фуд, фри секілді көше тамақтарын жиі бермеу керек, себебі баланың ағзасы құртылады.

Баланы сөйлету үшін ағзасына қандай витаминдер қажет?

Д3, қаназдықты түзетіп, қалыпқа келтіру.

Балаға берілетін витаминнің құрамын табиғи заттардан болу керек.

Балық майын таңғы уақытта берілуі керек.

Балаға меню құрастырып, ішіне түрлі дәнді-дақылдардан, көкөніс, жемістер, ет, балық етін қосамыз.

Одан бөлек, мүлдем жарма ботқасын (манная каша) беруге болмайды, оны жеген жағдайда жоғарыда атап өткен витаминдер ағзаға сіңбейді.

Ал витаминдерге келетін болсақ, дұрыс, құрамы тазасын қабылдау керек. Далаға жиі шығарып, Д3, балық майы, йод бірге береген дұрыс. Бірақ, ең алдымен, дәрігерге барып, толық қан талдауын тапсырып білген жөн. Бұл витаминдер баланың сөйлеуіне көмектеседі.

Ағзадағы тапшылықты қалыпқа келтіруде қандай мамандармен жұмыс жасаймыз?

Ең алдымен, невропотолог маманына апарып толық тексертуден өткен дұрыс.

Витаминдер жазып берсе, құрамын қарап тексеріп аламыз.

Баланың организміне зиян тағамдарды бермейміз. Мысалға, чипсы, кириешки, газдалған сусындар, тәттілерді шамадан көп бермеу.

Баланың сөйлеу тіліне екпелер әсер етеді ме?

Дәл қазіргі уақытта екпелер баланың сөйлеуіне әсер етіп жатыр. Немесе екпе алардан алдын иммунитетті көтеріп алып, сосын ғана екпе алған дұрыс.

АКД-екпесі сөйлеуді тежеп жатыр. Алты ай сайын толықтай қан талдауын тапсырып, балаңыздың иммунитетін қадағалап отырыңыз.

Баланың ойын қалай дамытамын?

Баламызға жасататын ойын, жаттығуларды эмоциямен үйрете білу керек. Баламен бала болып қызықтырып барлығын бірге жасау қажет. Түсінігін қалыптастырып, күнделікті далаға шығарып балалармен ойнату керек. Далада ойнағанда эмоция шығару арқылы тілі шығады. Көп жаяу жүру керек.

Мақта, салфетка үрлету, шар үрлету. Сол кезде ауыз қуысы жұмыс жасайды. Жан-жануарлардың дыбыстауын, атауын қайталатып үйрету. Жан-жануарларды тамақтандыру ойынын ұйымдастыру.

Күнделікті өмірде, тамақ істеу барысында, тамаққа қандай көкөніс, дақылдар қосылып жатыр барлығының атауын айтып үйретіп, баланы қызықтырып бірге жасау. Күнделікті баланың сөздік қорына бір сөзден енгізіп отыру, оны қалай үйретеміз, суды әкелші, нанды әкелші, тарақты алып келші деген секілді баланы жұмсау арқылы заттармен таныстырып, жадында сақтауға көмектесеміз. Балаға артикудияциялық жаттығу, тыныс алу жаттығуын, логомассажды қосымша жасап отыру қажет. Мүмкіндік болса, логопед маманына апарған дұрыс. Баланың моторикасын дамытатын әртүрлі ойыншықтар алып, баламен қызықты ойындар ойнау. Боямақ бояту керек. Үйреніп жатырған сөздерді естен шығып кетпеу үшін күнделікті қайталатып отыру. Ойыншықтармен түстерді үйрету.

Осы орайда көптеген балалармен жұмыс жасап жүрген, әлеуметтік желіде logoped_nurila атымен танымал логопед маман Нұрила Асадинқызымен сұхбат жүргіздік.


– Нұрила ханым! Қазіргі балалардың не себепті сөйлеу тілі кеш шығып жатыр? Оған екпенің әсері бар ма, сөйлеу тілі жасына сай шығуы үшін не істеу керек?

– Қазіргі кезде расымен де сөйлемейтін балалар өте көп және жылдан-жылға статистика бойынша өсіп жатыр. Бұл жерде баланың сөйлемеуіне әсер ететін факторлар өте көп. Оның бірден бірі экология, бұрынғыдай таза ауа жоқ. Ата-ананың өз-өзін күтуі жайлы айтар болсам, дәрі-дәрмек, витаминдерді дұрыс қабылдамауы, немес ашушаң болу, темекі шегуі, ішімдік ішуі, режим сақтамауы салдарынан балаларға осы жағдайлар әсер етіп жатыр деп ойлаймын.

Баланың сөйлеу тіліне екпе әсер етіп жатыр болжам бар болғанымен, ол әлем бойынша әлі дәлелденбеген. Негізінен, баланың сөйлеу тіліне бүкіл жүйке жүйесімен баланың жалпы дамуына байланысты оны кішкентай кезінен бастап қадағалауға, байқауға дер кезінде алдын алуға болады. Мысалы, баланың дамуы кезінде үш айында не істеу керек, алты айында не істеу керек, тоғыз айында не істей алу керек деген секілді жағдайдарды ата-ана дұрыс қадағалап біліп жүрсе, уақытылы дәрігерлерге апарып жүрсе, баланың тілі кеш шықпайды, кеш шығып жатырған жағдайдың өзінде алдын алып көмек беруге болады.

– Қазіргі кезде баланың сөйлеуіне көмектеседі деген витаминдер бар екен, қаншалықты рас?

– Иә, баланың сөйлеуіне көмектесетін витаминдер өте көп деп айтылып жатады да, соның жарнамаларын өзім де әлеуметтік желілерде көріп қаламын, көргенде қарным соншалықты ашады, кәдімгідей бизнеске айналдырып алған. Бұл негізі дұрыс емес, кез келген витаминді алып көмектесе береді деген. Бірақ шынымен де витаминге байланысты болуы мүмкін жағдайлар болады, мысалы, анемия, В витаминдері төмен болу мүмкін жағдайларда педиатр мен невропатолог мамандары шеше алады. Витаминдерді өндірушілер жай ғана жылтыр жарнама үшін ғана шығара береді. Оған сене берудің қажеті жоқ.

Қай жаста баланың сөздік қорында қанша сөз болу керек?

– Баланың сөздік қоры бойынша әлеуметтік желілерде ақпарат өте көп, кейбір кезде ол деген өзгеріп тұрады. Өйткені статистика күнделікті өзгеріп отырады, сөйлемейтін балалар көп болғандықтан қадағалау қиындау. Мысалы, бір жастағы бала «мама, папа, берші, су» деген секілді және де көліктің дыбыстауын айтып, «бибип» деп, сиырды көрсе «му» дейді. Ал екі жастағы бала, екі сөздің басын қосып айта алуы керек, «мама бер, мама қайда?» деген секілді. Үш жасар бала үш сөзді қосып айтуы қажет, мысалға «мама тамақ жеймін, банан алып бер, қарным ашты» деген сияқты және түстерді ажыратып айта алуы керек.

Мүлдем сөйлемейтін, атына қарамайтын балалармен қалай жұмыс жасаған дұрыс?

– Мүлдем сөйлемейтін, шақырғанда атына қарамайтын, ары бері жүгіре береді, дала қашып кетіп жатырса барлығы бірден аутизм деп ойлайды. Негізінде, бөтен адам біреудің баласына қарап диагноз қойып бере алмайды. Екіншіден, кез келген дәрігер де диагноз қоя алмайды. Мысалы, «балам сөйлемей жатыр, атына қарамайды, заттарды тізіп қояды» деп педиатрға барып жүгіне алмайсыз, ол сізге бірден диагноз қоя алмайды. Мұндай балалармен жұмыс жасайтын невропатолог немесе психиатр маманыдарға қарату керек.

Бала атына қарамай жатырса, аутизмнің басқа да бір диагноздардың белгісі емес. Мысалы, баланың құлағы дұрыс естімеуі мүмкін, дер кезінде дәрігерге апарып тексертіп алу керек, әр үш-төрт айда невропатолог маманына тексертіп тұрған дұрыс. Қазіргі кезде сөйлемейтін балалардың барлығын логопедке әкеле береді, ол да дұрыс емес. Негізінде, маман сауатты болу керек кіммен қалай жұмыс жасау керектігін білу керек. Маған келетін балалар көбінесе менің авторлық методикама сүйеніп келеді, яғни мен нейропсихолог, афк, т.б. мамандарға қаралуды ұсынамын сол кезде балада нәтиже тезірек шығады.

– Баланың сөйлемеуі әкесіне, анасына байланысты ма? Мәселен, көбінесе естиміз, әкесі тілі кеш шыққан, баласының да тілі кеш шығады деп жатады. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?

– Мен бар деп ойлаймын, кейбір кезде генетикаға да байланысты болып жатады. Мысалы, бір отбасыда бір балада аутизм болса, екіншісінде «зпр» болады немесе енді біреуінде «зпр» болса, екіншісінде де болуы мүмкін бұл енді генетикаға байланысты да болуы мүмкін. Оны нақты айту қиын, олар толыққанды дәрігерлердің тексерісінен өту керек. Содан кейін көбінесе біздің қазақта айтады ғой, біздің атамыз жетіде сөйлеген, көршіміз бесте сөйлеген, әкесі үште сөйлеген деген сияқты, мен айтар едім қазіргі заманмен бұрынғы заман екі бөлек.

Бұрында баланың сөйлеуіне көптеген жағдай болған, үй ішінде көп адам тұратын болған отбасы, бауырлары, ата-әжесі, күніге көршілер кіріп-шығып жүреді сөйлесетін адам өте көп. Тіпті, теледидар болмады. Балалар үнемі қозғалыста болды, экология таза, бақшада өскен заттарды жейтін, сол себепті ол кездегі балалардың тілі тез шыққан.

Қазір бізде қимылдайтын орын жоқ, кішкентай қораптың ішінде тұрамыз, экологиямыз таза емес, көбісі қалада тұрады, балаларда көп қозғалыс жоқ, ата-анасының қолына мініп алады, самокат айдайды. Негізі, самокат айдаған да дұрыс емес, одан қайта велосипед айдаған дұрысырақ. Мидың екі жарты шарына әсер етеді.

Жас аналар қандай жағдайда дабыл қағу керек, оларға қандай ақыл-кеңес айтасыз?

– Жас ата-аналарға айтар кеңесім, уақытылы жақсы дәрігерлерге барып, балаларыңызды тексертіп тұрыңыздар. Одан бөлек, балаға гидрофетаның қажеті жоқ, ол да қазіргі заманның дерті ата-аналар балаларын қатты уайымдап қолына көтеріп алып қасықпен тамақтандырады, бүкіл жағдайын жасайды, кейіндіреді, өздері ұйықтатады, жатқызады, тұрғызады баланың сөйлеуіне ешқандай қажеттілік болмайды. Тамақ сұрамаса да беріп тұрса, дәрет сындырып қойса, анасы ауыстырып береді. Нігізінен, бала өзі сұрап білу керек қажетті затын.

– Екі сөздің басын қосып сөйлей алмайтын баланы балабақшаға берген дұрыс па? Тілі шығуына балабақша әсер ете ме?

– Екі сөздің басын қосып сөйлей алмайтын баланың жасына қарау керек, егерде ол екіден асқан бала болса логопед-дефектолог маманына жүгінген дұрыс.

Баланың сөйлеп кетуіне балабақша әсер етеді, егерде балада түсінік болса, егер бала барлығын түсініп тек сөйлей алмай тұрса. Үйдегілердің қолы тимей, ол балаға жағдай жасай алмай жатырса, балабақшаға бергеннен кейін сөйлеп жатырған жағдайлар болады. Бірақ балабақшада барлық балалар сөйлеп кетеді деп айта алмаймын.

– Қанша уақытта балалар сөйлеп кете алады?

– Осы сұрақты бізге келетін ата-аналар көп қояды. «Сізден 10 күн сабақ алсам балам сөйлеп кете ме?» дейді. Бұл ең бірінші балаға, ата-анаға, маманға, методикаға байланысты және де баланың диагнозына байланысты. Баланы әкеліп алып, 40 минут сабақ өткеннен кейін, үйіне барғасын мүлдем сөйлеспесе, жұмыс жасамаса, әрине балада нәтиже кеш шығады. Кез келген диагнозда, маманмен жұмыс жасаған кезде жақсы көрінетін нәтижені тек жарты жылдан кейін ғана көре алады.

Қорытындылай келе, ата-аналарға айтар кеңесіміз, осы жоғары да атап өтілген барлық ережелермен қағидаларды сақтап, күнделікті балаға көп көңіл бөлетін болсаңыз, балаңызда нәтиже көресіз. Ең бастысы, теледидар мен телефонға шектеу қойып, балаға оның орнына баланың ірі, ұсақ моторикасын дамытатын ойыншықтарды алып берсеңіз болады. Сол арқылы балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына қол ұшын созайық.

Перизат САПАРОВА