Басты бет » Жаңалықтар » Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды

Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды

Бұған дейін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының төрағасы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі оның екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді.

«2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті П.Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті П.Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», – делінген сот хабарламасында.

@qazaqstantv