Танымал блогер, «Biz Birgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының төрағасы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге деп жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп жазды dalainside телеграм арнасы.
Қаржы мониторинг агенттігінің мәлім еткеніндей блогер қайырымдылық қорына түскен ақшаның басым бөлігін қымбатты сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсап жіберген.
Соның ішінде:
Биыл көктемде Перизат Қайрат елордадағы автосалондардан 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алған.
Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын Ақбұлақ Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда) және Vela Village коттедж қалашығындағы жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.
Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бесжұлдызды қонақүйлерде демалған.
Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.
Қылмыстық схеманы іске асыру үшін Перизат Қ. достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы төлеп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырған.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты пікір білдірді.
«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.
Барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», – деді министр.
Барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», – деді министр.