Басты бет » Жаңалықтар » Абай Бегейдің қызы Ерке қуанышты жаңалығымен бөлісті

Абай Бегейдің қызы Ерке қуанышты жаңалығымен бөлісті

Танымал блогер Ерке Ниязқұлова әлеуметтік желідегі парақшасында бұйырса біздің отбасымызға +1 сәби деп қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary.
«БҰЙЫРСА БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗҒА + 1 СӘБИ!
Сторизде бір күн бар, бір күн жоқ болуымның себебі де осы.
Неше ай сіздерге әне айтам, міне айтам деп жүргенде соңғы кезде внимательный оқырмандарым ішімді байқап дайректі шулатып жатыр.
Жүкті әйелдің мәртебесі – өте жоғары. Пайғамбарымыз бұл туралы: «Әйел құрсақ көтерсе, оған Алла жолында күнімен ораза ұстап, түнімен намаз оқығанның сауабы жазылады. Ал босанар уақыты жақындап, қиналған сәтте, Алланың ешбір жаратылысы ол әйел үшін қаншалықты сый-сияпаттың әзірленгенін білмейді. Дүниеге нәресте әкеліп, көкірегіндегі сүтімен баласын емізген әр сәті үшін, нәрестенің әр емгені үшін де марапатталады» деген сөздері жаныма жұбаныш болуда
Сәби аңсап жүрген қыздарыма да жұғысты болсын!
Ал менімен қатар жүкті келіншектер барсыздар ма?
Баршаңызға жеп-жеңіл босанып, балапаныңызды аман есен бауырларыңызға басуыңызды тіледім», – деп жазды.