Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызы мен оның анасына көлік, пәтер және емге жұмсауға қаражат берді, деп хабарлайды Jastar janary.
Енді міне, блогер қызының анасына қымбат көлік, Астана қаласынан пәтер және қызының ем-шарасына жұмсауға қомақты қаражат пен ойыншықтар тарту етті. Бұл туралы Дархан Жолшыбеков пен оның жары Daricorn әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, бейнежазба жариялады.
Айта кетейік, осыған дейін блогер қызына 15 мың теңге көлемінде алимент төлегенін айтқан еді. Бұған дейін елгі белгілі әрі табысты блогерлердің көшін бастап тұрған Дархан Жолшыбеков ресми түрде небәрі 150 мың теңге жалақы алатынын, күрек пен қолғап сататын компанияның қызметкері екенін айтып елдің ашуын тудырған еді.
Бірақ күні кеше блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын соңды бұл жағдайды ертерек жасамағанына өкініп, қателік жасап қойғандығын ағынан жарылып айтты. Енді қызымен жиі байланыста боламын деді.