Жақында күйші Ақтоты Болышова ел күтпеген образда күй тартып жұрттың сынына қалды.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп: «Halloween қарсаңында Харли Квинн болып қара домбыраммен күмбірлетіп кіріп келдім. Сыны мен шыны өздеріңізден…» – деп жазды.
«Хэллоуин» деп аталатын ұлтымызға жат саналатын «мерекені» дәріптеп шыққан күйшінің бұл әрекетін сынға алып пікір жазып жатырғандар көп. Ұлттық өнерді, күйшілік дәстүрді жалғап, насихаттап жүрген оның бұл әрекеті расымен де өте қате болғаны анық. Ел алдында жастарға үлгі болып, күй өнерін жаңғыртып жүрген Ақтотының бұл ісін қалай түсінсек болады?
Оқырмандарының бірі: «Діни Тұрғыдан қарасам Хэллоуин дегенге өте қарсылығым мереке ретінде Қазақи тұрғданда оңып тұрғын жоқ…Жастарды улайтын нәрсе Хэллоуин деген… Мұсылмандар олай жасауы күнә болатыны белгілі…. Хэллоуин бастау алуы Басқа Сенімдегі Адамдардан пайда болған….Құдайын танымаған Адам кез-келген нәрсені құдай етіп алады деген сөз бар еді… Бізде ерісі көрінетін нәрселер, бара-бара қалыпты жағдайға айналып бара жатқан сияқты көрінуде… СІЗДІҢ ЖЕКЕҢІЗГЕ ӨТУІМ ДҰРЫС ІС ЕМЕС, ҚАЗАҚТЫҢ ДАРЫНДЫ ИБАЛЫ ӘДЕПТІ ҚЫЗЫСЫЗ!!!! КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН АРТЫҚ КЕТСЕМ!!! Айып Етпеңіз!!!!» десе, енді бірі «Қасиетті домбыра ғой. Тартысыңыз керемет! Киіміңіз не сұмдық? Осы ұлттық дәстүрді қорлауды қашан қоясындар? «Ұлытау» тобы шығып жүр ғой ешқандай жерлерін көрсетпей», «Мұныңыз жастарды ұлтымызға жат Хэллоуин мерекесымаққа тарту ма, жастар соны дәріптесін дегеніңіз бе? Не мақсатпен шыққаныңызды білуге бола ма?» деп сын жазып жатыр.