Басты бет » Жаңалықтар » Абай Бегей: «Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды» 

Абай Бегей: «Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды» 

Танымал әнші Абай Бегей жақында тұрмыс құрған қызы Сымбат пен күйеу баласы Мұстафаны «үй көрсетуге» шақырып қызына әсерлі терме айтты, бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.«Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді,
Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді.
Қызым отыр майысып, кең дастархан жайысып.
Қолы ұзарған құдағи отыр қою шәй ішіп,
Құдамыз жүр қуанып, шайналып, бұралып.
Көбейгесін баласы екі отбасы құралып.
Мен отырмын мұздалып, елжіреп, сыздалып.
Өсірген гүлдей жайнатып, әкетті-ау ерте қызды алып,
Қызыма қимай қараймын, секілді шыққан арай күн,
Сымбатым енді аман бол, бақтарыңды қалаймын», — деді әнші Абай Бегей.

Желі оқырмандары әншінің парақшасына «Абай ағамыз қызына деген сағынышын осы бір әнмен жеткізді деп ойлаймын»,«Екі жас бақытты болсын» деген сынды түрлі пікірлерін қалдырып, ақ тілектерін жолдады.