Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстанда алғаш рет «ENACTUS World Cup» студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді

Қазақстанда алғаш рет «ENACTUS World Cup» студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді

Елімізде алғаш рет ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтетін болады. Оған 33 елдің студенттері, кәсіпкерлері, академиялық көшбасшылары мен корпоративтік бизнес басшылары қатысады, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
ENACTUS студенттерінің барлық бизнес-жобалары БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына жетуге бағытталған және болашақ бизнес көшбасшыларының мансабының бастамасы болып келеді. Әлемдегі 1000-нан астам университеттер студенттердің көшбасшылығы мен іскерлік дағдыларын дамыту үшін тәжірибеге бағытталған ENACTUS платформасын пайдаланады.
ENACTUS World Cup – бұл 2001 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан және кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік бастамалар мен прогресті көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара.
Қазақстанның мүддесін ENACTUS KAZAKHSTAN 2024 Ұлттық чемпионы – Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы қорғайды.