Басты бет » Бозбала мен бойжеткен » Әнші Абай Бегейдің отбасындағы жары қуанышты жаңалықпен бөлісті

Әнші Абай Бегейдің отбасындағы жары қуанышты жаңалықпен бөлісті

Танымал отандық әнші Абай Бегейдің шаңырағында кенеттен қуанышты жаңалық орын алды. Оның ортаншы қызы Сымбат тұрмыс құрғалы жатыр.

Сымбаттың сүйіктісі – ақтаулық стоматологтар әулетінің кенже ұлы Мұстафа Көбесов. Сүйіктісі алдымен үйленуге ұсыныс жасап, «иә» деген жауабын алды. Бұл туралы әншінің жары Фариза Жұманова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыт келген сияқты…
Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, “үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті…
Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік емес, Әкесінің талабын орындау болды.
Әкесі: «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін», – деді.
Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп Әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады…
Әкемде өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойлана келе, «Келген ел – көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен», – деп, «Қызымның таңдауын құрметтеймін! Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!» – деп ақ батасын берді», – деп жазды әншінің жары.
«Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету» демекші, осылайша Табынай ауылы Бегей ауылының қызын алғалы отыр. Жақында ғана ұлынан немере сүйіп, ата атанған Абай Бегей осылайша қызын ұзатып, үшінші рет құда болғалы жатыр.
«Неше күннен бері жүрегім алай-дүлей, тақсырға көрсетпей жылап алам. Симби қызым бақытты бол! Менімен танысқанда 9 жасар құттай бөпе едің, енді міне бой жетіп өз теңіңді тауып жатырсың. Аллам бақыт бергей!» – деп, одан бөлек Фариза болашақ күйеу баласына арнайылап мен Сымбат пен Аминаға қашанда жанашыр болуға тырыстым, бар махаббатымды, ықыласымды бердім. Енді еш ренжітпей, жылатпай, ешкімге тиіскізбеші деп аманат етті.

Әлеуметтік желіде жастарға бақыт тілеп, ақ тілектерін арнап жатқан оқырман көп.