Басты бет » Ұлттық құндылық » Ұлттық дәстүр деген не?

Ұлттық дәстүр деген не?

Салт-дәстүр дегеніміз – ежелден ата-бабамыздан жалғасып келе жатырған ұстанымдар. Салт-дәстүр ежелден наным-сенімге, дүниетанымға байланысты қалыптасып отырған. Ал оларды қоғамдағы атқарып отыратын қызметке қарай отбасылық және әлеуметтік деп қарастыруға болады.

Мәселен, отбасылық дәстүрде кішкентай нәрестенің дүниеге келуі, тәлім-тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзату немесе өлім-жітім мәселесін жатқызуға болады. Ал әлеуметтік дәстүрлер түріне бүкіл ел болып тойлайтын әдет-ғұрыптарды айтуға болады, оның ішінде, наурыз мерекесі, діни мерекелер, ас беру, т.б іс-шаралар жатады. Ата-бабамыздан біздің дәуірімізге дейін сақталып келе жатырған, өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, қадір-қасиетін қашанда құрметпен қарап, биік ұстап қастерлеу арқылы, өскелең ұрпағымыздың ұлт жанды болып өсуін қаласақ, дәстүрімізді ардақтатуды үйретейік. Дәстүрді ұстанған адам әрқашанда ағайын-туыспен, көршілерінің, достарының арасындағы жақсы қарым-қатынастың орнауына ынтымақта, ауызбіршілікте болуына үлкен септігін тигізеді. Оған дәлел, әдет-ғұрыптарымыздың қаймағын бұзбай, қастерлеп ұстанып жүрген Батыс пен Оңтүстік өңірлерлері көз қуантады.
Қазақтың салт-дәстүрін зерттеуші ғалым, сыншы Дандай Ысқақ мырзаның айтуынша, қазақ халқы салт-дәстүрден ешқашан аттап кетпеген және де қазақ салт-дәстүрді құрмет тұтып, қалтқысыз орындаған халық. Өйткені сол арқылы барлық қарым-қатынасты ушықтырмай реттеп отыратын болған. Яғни, көп мәселені дәстүр жолымен шешкен. Тіпті, құда түсудің, олармен тез табысудың жолын да қарастырып қойған.
Еліміздің ең әуелі көзге түсерлік, қазақилықты бірден-бір көрсететін дәстүрімізқонақжайлылық. Қазақы болмысымыз, шаңырағымзға келген қонақты төрімізге шығарып, дастарханымызды молынан жайып, келген қонағымызды құшақ жая қарсы
алуымыздан басталады.

Салт-дәстүрлер:
Ат тергеу – бұл сыйластық пен ізеттілікке негізделген ғұрып. Ұлттық тәлім-тәрбиемізге байланысты, әйел адамдар атасына, қайын ағасына, қайын інісі, қайын сіңлісінің, енесінің атын атамай, оларға Тентек, Еркежан, Ақ жігіт, Төре жігіт, Мырза бала, Сері жігіт, Би аға деп ат қою да ежелден келе жатырған дәстүр.
Асар жасау – үй салу, қоныс аудару, егін ору, шөп шабу деген секілді көпшілік болып ауызбіршілікте жасалатын дәстүр.
Асату – дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады.
Ат тұлдау – ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.
● Ауыз тию – алыс сапарға аттанарда сол адам ауылындағы немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шығу.
● Аузына түкірту – бұл қазақтың ертеден келе жатқан ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа атақты адамдарға солардан болсын деген ниетпен баласының аузына түкіру ырымын жасаған.
Байғазы беру – үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды.
Босаға майлау – жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды.
Ерулік беру – ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді.
Жұмалық – Бұрындары дәріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбағаға ет, қымыз, май, құрт әкелетін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен.
● Көрімдік беру – нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды.
Қайырлы болсын айту – бала туғанда, келін түсіргенде, тағы да басқа үлкен қуаныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты.
Қорықтық құю – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді.
● Сүйінші сұрау – өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», – деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді.
● Сүйек жаңғырту – бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.
● Үй көрсету (дәстүр) – жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем, ілік жекжаттар «үй көрсетуге» (шығыс жақ «отқа шақыру» дейді» яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде досымен барады.
● Ескі әдет-ғұрыптардың бірі – отпен тазарту. Бұл салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген.
● Қазақта жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынады.
● Құда түсу салтын жігіттің ата-анасы немесе оның жасы үлкен туысы жүргізген.
● Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалады.
● Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдың алдынан өтіп, ақ батасын алады. Жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да сұрайды.
● Қазақ арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішіседі. Ескі әдет-ғұрыптардың бірі – отпен тазарту. Бұл
салт бойынша көктемде қыстаудан көшерде қыстау мен малды тазарту үшін от жағып, малды оның арасынан айдап өткізген.
● Ел жайлауға көшкенде әрбір ауыл өз көшінің салтанатты, сәнді безендірілуіне ерекше көңіл бөлген. Ол үшін алдыңғы түйені жақсы алаша, кілеммен жабулап, қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көшті «қарқаралы көш» деп атаған. Халық түсінігі бойынша қырғауылдың қауырсыны көшті көз тиюден немесе жол-жөнекей қолайсыз жағдайлардан сақтайды.
● Қазақта жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынады.
● Құда түсу салтын жігіттің ата-анасы немесе оның жасы үлкен туысы жүргізген.
● Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалады.
● Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдың алдынан өтіп, ақ батасын алады. Жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да сұрайды.
● Қазақ арасында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішіседі.
● Дүниеге келген жас нәрестенің құлағына азан шақырып ат қояды.
● Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады.
● Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізіледі.
● Наурыз – Шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, қазақ халқы бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді, өйткені бұл күн бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланады.
● Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, ешкім ешкімді ренжітпейді, ренжімейді. Бұл күні адамдар бір-біріне қонаққа барып, таза киімдерін киіп, өздері де қонақ күтеді. Әр адам кем дегенде жеті үйге кіріп, дәм татып шығуы керек.
● Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, май, ұн, тары (күріш, бидай, жүгері) және сүт. Салт-дәстүрмен қоса, қазақ халқының тәлім-тәрбиеге байланысты тиым сөздері бар. Ол жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтап отырады. Мысалы, тізені құшақтау отыру – жалғыз қалудың, қолды төбеге қойып отырса ел – жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесіп жатырса – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп айтылады. Үлкен кісілеріміздің арқасында жас кезімізден
бойымызға сіңдіріп өсірген тыйым сөздері әлі де жадымызда сақталып өмірде қолданып жүрміз.
● Арыңды сатпа.
● Арамтамақ болма.
● Аруаққа тіл тигізбе.
● Әдепсіз болма.
● Адамға қару, мылтық кезенбе.
● Ақты жерге, суға төкпе.
● Адамды шошытпа.
● Адамды айналма.
● Адалды араммен араластырма.
● Асты қорлама, үрлеме.
● Ант ішп әбес сөйлеме.
● Аманатқа қиянат жасама.
● Адамды малды аттама.
● Ауру тілеме.
● Арамдық ойлама, істеме.
● Ауруға күлме.
● Аузыңа ие бол.
● Аспанға қарап түкірме.
● Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.
● Әйелге өктем сөйлеме.
● Басыңды шайқама, соқпа.
● Босағада отырма.
● Босағаны көрме.
● Баскиіміңді аяғыңа киме.
● Бос бесікті тербетпе.
● Білмесең айтпа.
● Бейуақытта жылама, ұйықтама.
● Бөркіңді теріс киме.
● Баланы басқа ұрма.
● Бетіңді сызба, қисайтпа.
● Баланы шошытпа.
● Біреуге жамандыық тілеме.
● Біреудің еңбегін, ақысын жеме.
● Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме.
● Басыңа ие бол.
● Дініңе тіл тигізбе.
● Дұшпанға сенбе, жалынба.
● Досыңды өкпелетпе.
● Дүниеқор болма.
● Дәстүрге қарсы келме.
● Дәмге түкірме, жамандама.
● Дініңді сатпа, айырбастама.
● Дастарқанды аттама, баспа.
● Досыңды сатпа.
● Ердің сөзін екі етпе.
● Еңбектен қашпа.
● Еріншек болма.
● Ерніңді шығарма.
● Есікті қатты жаппа.
● Ер-тұрманды аттама.
● Зорлықшыл болма.
● Зинақор болма.
● Жамандыққа жол берме.
● Жақсының жолын кеспе.
● Жаман ырым жасама.
● Жала жаппа.
● Жаман жерді баспа.
● Желмен жарыспа.
● Жаман тілек тілеме.
● Жаманға ерме.
● Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.
● Жеңілтек болма.
● Жәндікті өлтірме.
● Жерді теппе, сабама.
● Жүреңнен отырма.
● Желге қарсы түкірме.
● Жатып тамақ ішпе.
● Жаман іске үйренбе.
● Жамандыққа жақындама.
● Опасыз болма.
● Орынсыз ойбайлама.
● Отпен ойнама, шалқытпа.
● Отқа түкірме, су төкпе.
● Отты аттама.
● Орынсыз іске араласпа.
● Ошақты, жерошақты аттама.
● Өзімшіл болма.
● Өз үйіңді кісімсіме.
● Өтірік, өсек айтпа.
● Өтірікшіге ерме, құптама.
● Өтірік күлме, жылама.
● Өткенге өкінбе.
● Өтірік куәлік берме.
● Өлген адамды тілдеме.
● Өлімге күлме.
● Өлім тілеме.
● Өркөкірек болма.
● Пышақ кезенбе.
● Пышақ жүзін жалама.
● Сұрамсақ болма.
● Сабырсыз болма.
● Салақ болма.
● Сұқтанба.
● Сәбиді ұрма, теппе.
● Сараң, пайдакүнем, ұсақ болма.
● Саусағыңды беземе.
● Саусағыңды танауыңа сұқпа.
● Саусағыңды аузыңа салма.
● Суға дәретке отырма.
● Тамақты жерге төкпе.
● Тілазар болма.
● Тамақты аттама, жамандама, үрлеме.
● Табалдырықты баспа.
● Түнде үй сыпырма.
● Түнде тырнағыңды алма.
● Тырнағыңды тістеме.
● Тұзды баспа.
● Тамақтың үстіне отырма.
● Тіліңді шайнама,бұрама.
● Тамақты сораптап ішпе.
● Таңдайыңды татпа.
● Тізеңді құшақтама.
● Түнде ысқырма.
● Тісіңді қайрама.
● Таңертеңгі асты тастама.
● Тентек болма.
● Түкірігіңді, қақырығыңды жұтпа.
● Теріс сөйлеме.
● Иесіз үйге кірме.
● Итке ожаумен ас құйма.
● Иегіңді таянба.
● Инені тістеме.
● Көптің жолын кеспе.
● Көнке топырақ шашпа.
● Кірдің суын баспа.
● Көкірегіңді керме.
● Күш көрсетпе.
● Кісі мініне күлме.
● Кемтарға күлме, мазақтама.
● Кісіге саусағыңды шошайтпа.
● Кісіні сыртынан жамандама.
● Күлді шашпа.
● Көп сөйлеме, көп күлме.
● Көкті жұлма.
● Кеудеңді соқпа.
● Күншіл болма.
● Кешкі асты бақпа.
● Көп ұйықтама.
● Қолыңа ие бол.
● Қолыңды сілікпе, сермеме.
● Қайықты теңселтпе.
● Құдайға тіліңді тигізбе.
● Құдайды ұмытпа.
● Қабірді баспа.
● Қабірге қол шошайтпа.
● Қарт адамға күлме.
● Қызғаншақ болма.
● Қызға қол жұмсама.
● Құдыққа түкірме.
● Қақтың суын ішпе.
● Қонаққа қатты сөз айтпа.
● Құйынды қума.
● Қулық жасама.
● Малды үркітпе.
● Малға зәбір жасама.
● Малды ұрма, боқтама.
● Менмен болма.
● Маңдайыңды ұрма.
● Мақтаншақ болма.
● Мойныңа жіп немесе белбеу салма.
● Мезгілсіз жатпа.
● Мезгілсіз ұйықтама.
● Мезгілсіз жүрме.
● Нанды бір қолмен үзбе.
● Нанды жерге тастама.
● Нан үстінен зат қойма.
● Нас, лас болма.
● Намазды бұзба.
● Намысыңды таптама.
● Наданмен дос болма.
● Уһілеме.
● Үйге сыртыңмен кірме.
● Үлкеннен бұрын сөйлеме.
● Үлкеннен бұрын отырма.
● Үлкеннен бұрын жатпа.
● Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма.
● Үлкенді мазалама.
● Үлкенге қатты сөйлеме.
● Үйге жүгіріп кірме.
● Үйге жылап кірме.
● Үйді сабама.
● Үйді айналып жүрме.
● Үйде ысқырма.
● Ұрысқаққа тіл қатпа.
● Ұрлық қылма, ұсақ болма.
● Ұрыншақ болма.
● Шақырмаған жерге барма.
● Шалбар жастанба.
● Ысырапқор болма.
● Ыдысты аттама, теппе.
● Ішегіңді тартпа.
● Ішімдікке бой ұрма.
● Халқыңды жамандама.
● Халыққа қарсы сөйлеме.
● Рұқсатсыз кірме.
● Рухыңды түсірме
Әрбір өскелең ұрпақ, ежелден ата-бабамыздан келе жатырған салт-дәстүр мен тыйым сөздерді бойымызға сіңіріп, есте сақтап, қазақ еліміздің тұғырың биікке көтеріп, салт-дәстүрімізді қастерлейік.

Дайындаған

Перизат САПАРОВА,

«Jastar janary»