Соңғы уақытта алаяқтық фактілері күннен күнге артып, ауқымын кеңге жаюы, тіпті жасанды интеллектіні пайдалану фактілері де жиі кездеcуде.
Сурет: mysty-onir.kz
Мысалы, аудио немесе бейне арқылы диалог құру кезінде, олар өздерінің дауыстары мен бет-әлпеттерін ауыстырып, полиция немесе ұлттық банк қызметкері, танысыңыз немесе туысқаныңыз ретінде хабарласады. Олар сіздерді күмәнді банктік операциялар немесе алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізіліп жатыр деп алдайды.
– Сіздерден сақтық танытып, өздеріңіздің жеке және банктік мәліметтеріңізді бермеуге, құрылғыларыңызға желі арқылы қашықтықтан қатынас жасайтын қосымшаларды жүктемеуге және белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша күмәнді ақша аударымдарын өткізбеулеріңізді сұраймыз. Полиция қызметкерлері тұрғындарға құқық бұзушыларды құрықтау кезінде телефон немесе бейне байланыс арқылы хабарламайды, – дейді Батыс Қазақстан облысы Шаған полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары Ақтоты Кушкинова.
Қазір тез және оңай ақша табу тәсілдері бойынша жарнамалар әлеуметтік желілерде көп таралған. Алаяқтар тұрғындарға өз аттарына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, банк шотын ашқызып және олардың нұсқауы бойынша әртүрлі тауарға төлем жасауға электронды шот-фактуралар қойғызады. Төлем бойынша түскен ақшаларды басқа шоттарға аударуын сұрайды. Осындай оңай жолмен ақша табуды іздейтін адамдар көбінесе өздері қылмыстық істердің қатысушысы болып табылады. Оларға банктік шоттарының бұғатталуы, сот шешімі бойынша жәбірленушілерге ақшаларын қайтаруға міндеттеуі, сондай-ақ салық шығындарының белгіленуі сияқты шектеулер қойылады.
Осыған орай тұрғындардан барынша сақ және қырағы болуға және үшінші тұлғаларға банктік шоттарды бермеулері керек. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
Қазіргі уақытта алаяқтар What’sApp және Telegram мессенджерлерінде мемлекеттік, медициналық және білім беру мекемелерінің басшыларының фотосуреттерін қою арқылы жалған аккаунттар құрып, аталған ұйымдардың қызметкерлеріне алдағы уақытта құқық қорғау органдары тарапынан тексеру болатынын хабарлай отырып жаңылыстыратын фактілер жиілеп кетті.
Әрі қарай, алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қорқыту арқылы белгісіз банктік шоттарға ақша аударуды сұрайды.
What’sApp желісі арқылы дәрігерлер ретінде хабарлама жіберіп, сіздің флюрографиядан немесе диспансерлік тексерістен өту қажеттілігі туралы айтып, сіз үшін ыңғайлы уақытты таңдап, дәрігер қабылдауына жазылғаныңызды sms код арқылы растау қажеттігін талап етеді, сіз растаған sms код арқылы алаяқтар сіз туралы барлық мәліметке қол жеткізіп, атыңызға несие рәсімдейді.
– Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады. Уақыт талабынан олар да қалмай келеді. Әдетте, алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Тұрғындардың басым көпшілігі интернет алаяқтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында көңіл аудармайды, осының, салдарынан 8-14 млн теңге көлеміндегі қомақты ақшадан айырылып, алаяқтардың құрбанына айналып отыр. Орал қаласының Полиция басқармасы интернет алаяқтығының артуына байланысты алаяқтардың құрбанына айналмау үшін сіздердің қарапайым ережелерді сақтауды ескертеді, – дейді Шаған полиция бөлімінің бастығы Уәли Өтегенов.
Интернет – алаяқтықтың құрбанына айналмау үшін:
- Егер сізге белгісіз нөмірден жақын туысыңызға көмек қажеттігі туралы қоңырау шалса немесе хабарлама жіберсе, сабырлық, сақтаңыз, белгісіз адамның айтқан нұсқауын елемей, қандай да бір сылтау тауып телефон тұтқасын қойып, туысқаныңызға хабарласып хал-жағдайының дұрыстығына көз жеткізіңіз.
- Егер сізге белгісіз нөмірден банк қызметкерімін деп коңырау шалса немесе хабарлама жіберсе, банк байланыс орталығына хабарласып сізге түскен мәліметтің растығына көз жеткізбей, өзіңіздің, жеке мәліметтеріңізді, банк карточкаларының нөмірін, пин-кодын ешкімге, соның, ішінде банк қызметкері немесе қаржылык, компания өкілімін деп таныстырған тұлғаларға да ешқашан хабарламаңыз.
- Егер сіздің ұялы телефоныңызга белгісіз нөмірден sms, mms хабарлама немесе сілтеме келіп түскен жағдайда жіберілген файлдарды жүктемеңіз және сілтемеге кірмеңіз, күмәнді хабарламаларды өшіріп, ұялы телефоныңызға ресми антивирус бағдарламасын орнатыңыз.
- Интернет арқылы сауда-саттық жасаған жағдайда, қырағылық танытып, асығыс шешім қабылдамаңыз және күмән тудыратын жайттар орын алса, сауда жасаудан бас тартыңыз, сатушымен затты қолыңызға табыстаған соң есептесіңіз.
- Ешқашан танымайтын адамға алдын ала төлем ақша аудармаңыз. Сонымен қатар What’sApp желісі арқылы дәрігерлер хабарлама жіберіп, сіздің флюорографиядан немесе диспансеризациядан өту қажеттігі туралы айтып, сіз үшін ыңғайлы уақытты таңдап, дәрігер қабылдауына жазылғандығыңызды sms код арқылы растау қажеттігін талап етеді, сіз растаған sms код арқылы алаяқтар сіз туралы барлық, мәліметке қол жеткізіп, атыңызга несие рәсімдейді.
Алаяқтың құрбанына кез келген адам айналуы мүмкін, қазіргі уақытта алаяқтық әрекетке жол бермеу мақсатында өзіңізге несие рәсімдеуде және қашықтықтан басқару мүмкіндігін беретін «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» қосымшаларды жүктей отырып, сіз өзіңіздің банк есепшоттарыңызға рұқсат бересіз және алаяқтар осыны пайдалана отырып, сіздің ақшаңызды ұрлайды.
Осыған орай, азаматтардан белгісіз абоненттік нөмірлерімен мессенджерлерде диалогқа түспеуін, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауын және барлық күдікті фактілер туралы дереу «102» арнасына полицияға хабарлауды сұраймыз. Egov арқылы өзіңізге 6 (алты) ай мерзімге несие алуға шектеу қойыңыз.
Гүламан Исмагулова,
Орал қаласы