Басты бет » Жаңалықтар » ПАУЛО КОЭЛЬОНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

ПАУЛО КОЭЛЬОНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Пауло Коэльо – бразилиялық жазушы әрі ақын. Осы уақытқа дейін 16 роман кітабын, түсіндірмелі антологияларды, қысқа әңгімелер жиынтығын жарыққа шығарып үлгерді. Ол бүгінде дүниежүзінде ең көп оқылатын жазушылар қатарында. Оның шығармалары өзіндік бір мәнге ие әрі психологиялық сарынды боп келеді. Жазушының өмірге қатысты айтылған қанатты сөздерін ұсынамыз.

1. Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.

2. Өзгеріс – әрдайым қорқынышты. Бірақ, ешкім де сіз үшін сіздің өміріңізді өзгертпес. Сіз қандай таңдауға барып тұрғаныңызды білесіз, бірақ қорқынышқа қарамастан, алға жылжитын боласыз. Жетістіктің басты ережесі де осы.

3. Кейде сұрақ қойғанның орнына үнсіздікпен жауап алуға болады.

4. Әрбір атқан таң – өміріңді жаңадан бастауға мүмкіндік береді.

5. Арманның орындалуына кедергі болатын бір-ақ нәрсе бар: ол – сәтсіздіктен қорқу.

6. Кейде өмір екі адамды бір-біріне қаншалықты қымбат екенін ұғындыру үшін ажыратады.

7. Бақыттың сыры – әлемнің тамаша ғажаптарын көре білуде.

8. Барлық басталған нәрсе тамаша бітуі тиіс. Егер өз ойыңыздағыдай тамаша бітпесе, онда іс әлі бітпеді деген сөз.

9. Сүюді сөзбен мадақтау да, даттау да қажетсіз. Сүйеді, болды. Махаббат дәлелдеуді қажет етпейді.

10. Өнімді жинап алмасаң, шіриді. Істі кейінге қалдыра берсең, ол көбейе береді.

11. Әдемiлiк — еркектiң ең үлкен қызықтырушысы.

12. Шеш. Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлан. Тәуекел ет. Құласаң, тұр. Әрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт.

13. Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi не болашақ өмiрi жоқ. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өледi.