Басты бет » Топжарған (страница 3)

Топжарған

Жанкүйерлер бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлерін әуежайдан қарсы алды

Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 9 алтын, 5 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар. «Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында ...

Толығырақ »

Азия чемпионаты: Қазақ боксшылары Тайландтан жақсы жетістікпен оралды

Тайланд елінде өткен Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері айтарлықтай жақсы нәтижеге қол жеткізді.  Кеше Чиангмайдағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық бәсекесі өз мәресіне жеткен болатын.  Дүбірлі додада финалға шыққан бес бірдей қазақстандық ару алтыннан алқа тағып, көк туымызды желбіретті. Олар: Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Гүлсая Ержан, Елдана Тәліпова. Сонымен қатар тағы бес боксшы – Әйгерім Сәттібаева, Жазира ...

Толығырақ »

Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды. Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.

Толығырақ »

Астанада конкурдан қалалық чемпионат өтеді

Астанада 14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай конкурдан қалалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир қатысушылары алты маршрут бойынша сынға түседі. №1 маршрут «Ашық санаты» (6 жастан асқан қоса алғанда). 120 см-ге дейінгі кедергілердің биіктігі (секірумен). №2 маршрут «Балалар санаты» (12 жастан ...

Толығырақ »

Елордалық гимнастшылар халықаралық турнирде 69 медаль жеңіп алды

Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің 33 гимнастшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық турнирде тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жарыста елордалық спортшылар спорттық гимнастика бойынша 17 алтын, 26 күміс және 26 қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бұл турнирге АҚШ, Кувейт, Катар, БАӘ, Ливан, Ресей және Кения елдерінің үздік ...

Толығырақ »

ДҮБІРЛІ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Биыл Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық жастар орталығының «Іс үшін» жастар қоғамдық бірлестігіне 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде аталмыш бірлестіктің ұйымдастыруымен аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін көптеген мәдени-спорттық, танымдық, семинар-тренинг пен интелектуалды ойын, сынды іс-шара өтті. Аудандық деңгейден оза шапқан үздіктер облыстық жарыстарға қатысып, Теректі намысын қорғап келеді. Жақында шағын футболдан Теректі ауданының 2024 жылғы чемпионаты ...

Толығырақ »

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасап. Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті. Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.

Толығырақ »

Жағдайың қалай, ауыл спорты?

Бүгінде спорт – қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Әсіресе, ауылдық жерлерде спортты қолдау – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудың басты құралы. Өкінішке қарай, ауыл спорты көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Қазақстанның ауыл-аймақтарында спорттық инфрақұрылым жеткіліксіз екені жасырын емес. Көптеген ауылдарда спорттық залдар, алаңдар, ...

Толығырақ »

Эстетикалық топтық гимнастика: Әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

Эстонияның Тарту қаласында өткен эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйер қауым Астана әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Әлем чемпионаты 22-24 қараша күндері өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 19 елінен 447 спортшы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған 6 команда арасынан ересектер санатында елордалық Samruk командасы және жасөспірімдер санатында Alan-Junior командасы үшінші ...

Толығырақ »

БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТОП ЖАРДЫ

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық қыз-жігіттер 6 бірдей алтын жеңіп алды. Айта кетейік, бұған дейін жоғарғы көрсеткіш 2 алтын еді. 2018 жылы Венгрияда және 2021 жылы Германияда өткен дүбірлі додалардан Қазақстан 2 алтынмен оралды. Ал, бұл Черногориядағы әлем ...

Толығырақ »