Басты бет » Жаңалықтар » «99% ақшалай берді»: Динара Майғазиева тойда қандай сыйлықтар берілгенін айтты

«99% ақшалай берді»: Динара Майғазиева тойда қандай сыйлықтар берілгенін айтты

Жақында әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы дүркіреп өткен еді. Әншінің жары Динара Майғазиева тойға кеткен шығын көлемін айтты.
Майғазиева тойдың шығыны кем дегенде 60-70 миллион теңгені құрағанын жеткізді. Тойға келген қонақтардың басым бөлігі, шамамен 99 пайызы сыйлықты ақшалай тарту еткен.
Оның ішінде алтын, гауһар сақина табыстағандар болды. Сәкеннің араласып жүрген жолдасы көлік мінгізді. Бірнеше жылқы атаған да достарымыз көп болды. Сәкен – халықтың азаматы. Ол барған жерінде небір ер-азаматтар сый-сияпатын көрсетіп жатты. Тіпті «тойдың малы бізден» деп өздері сойып, тұздап үйге алып келді. Кондитерлердің өзі тәттісін ешқандай жарнамасыз әкелді. Тойдың шығыны кем дегенде 60-70 млнды құрайды. Той өте берекелі өтті. Жанашыр адамдардың көптігін көрдім,
— деді Динара Майғазиева.