Басты бет » Жаңалықтар (страница 24)

Жаңалықтар

Табиғатты аялау – болашақты қорғау

Жыл сайын 5 маусымда әлем елдері Дүниежүзілік қоршаған орта күнін атап өтеді. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының 1972 жылғы бастамасымен белгіленген ерекше дата. Мақсаты – жер бетіндегі экологиялық мәселелерге назар аудару және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.  Экология – енді бір ғана ғалымдар мен мамандардың емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне айналған мәселе. Бұл – әсіресе ірі қалаларда тұратын халық үшін өзекті. ...

Толығырақ »

БҚО-да тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты

Бұл туралы Батыс ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында 30 шаршы метр аумақта жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген. Құтқарушылар 5 баланы ес-түссіз күйде тапты, балалар ауруханада қайтыс болды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл ...

Толығырақ »

«Жұлдызым жанды»: Отбасымен Лондонға көшкен Елдос Сметов ағылшынша сөйледі (ВИДЕО)

Бұл әлемдік дзюдоның шыңына жету жолындағы ұзақ уақыттық еңбек еді. Фото: ҰОК Әлеуметтік желіде Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің ағылшын тілінде сөйлеген видеосы тарады, деп хабарлайды Jastar janary Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Бейнежазбада Елдос Сметов Парижде өткен Олимпиададағы жеңісі туралы ой бөлісіп, ағылшын тілінде сөйледі. «Үшінші Олимпиадамда жұлдызым жанып, сәттілік пен спорттық дайындығым жоғары болды. Сол күні Қазақстан тарихын ...

Толығырақ »

Димаш Лара Фабианның Лондондағы концертіне арнайы қонақ ретінде өнер көрсетті

3 маусымда Лондонның әйгілі OVO Arena Wembley алаңында әлемдік музыканың аңызына айналған Лара Фабианның «Voices» әлемдік турнесінің аясында жеке концерті өтті. Әншінің көрермендердің сүйіктісіне айналған шығармалары кешті әсемдікке, сұлулыққа және жарқын эмоцияларға бөледі. «Adagio» атты бүкіл әлемге танымал әйгілі әндердің бірін Лара қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірге орындады. «Өмірімде естіген ең әсерлі, алып, күшті дауыстардың бірі. Оның бүгін бізбен бірге ...

Толығырақ »

Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеп. Қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығының қатысуымен өткен бұл іс-шара аясында 10 000-нан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады. Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ...

Толығырақ »

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды. – Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің ...

Толығырақ »

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бүгінде елімізде Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бастап қарқынды түрде тойланып келе жатыр. Ал Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында рәміздер ресми түрде бекітілген.   Сурет: egemen.kz Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұран кіреді. Желбіреп тұрған көк туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз жүрегімізде отанға деген махаббат пен мақтанышты оятып әрбір азаматтың рухын асқақтатады. ...

Толығырақ »

Шерзат ісі: Прокурор сотталушыларға 23 жылға дейін жаза кесуді сұрады

  Былтыр 4 қазанға қараған түні Алматы облысының Талғар қаласында болған төбелес кезінде 16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша сот жалғасуда. Бүгін өтіп жатқан жарыссөз барысында прокурорлар айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза кесуді сұрады, деп хабарлайды Jastar janary. Талдықорған сотында прокурорлар айыпталушыларға келесі мерзімдерді сұрады: — Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және ...

Толығырақ »

Жұмысшы мамандықтар жылы: «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі Астанаға жетті

Астана қаласының тұрғындары жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында оларды Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »

Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарын көрсетті

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарының суретін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды Jastar janary. «Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстырғым келеді», – деп жазды Баян Мақсатқызы. Желі қолданушылары қыздарға ақ тілектерін жазды. «Қандай тәтті», «Жаным», «Вау, жеттік-ау осы күнге», «Бақытты балапандар болып өсе берсін», «Ата-анасынан аумайды»,» Қуыршақтар», «Көз тимесін», – деп жазды желі қолданушылары.

Толығырақ »