Басты бет » Жаңалықтар (страница 197)

Жаңалықтар

Microsoft Қазақстанда орналасатын мультиаймақтық хаб ашады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды.  — Былтыр Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Нью-Йоркке жасаған сапары аясында Microsoft компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бас директоры Мишель Симмонспен кездесу өткізіп, онда қазақстандық өкілдікті аймақтық хабқа дейін кеңейту мәселесі көтерілген еді. Сол кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымызға осы бастаманы жандандырып, ...

Толығырақ »

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Мамырда елімізде үш мереке аталып өтетіндіктен, қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Келесі айда ел тұрғындары үш бірдей мемлекеттік мерекені: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнін тойлайды. • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 29, 30 сәуір және 1 мамыр. Ал жұмыс ...

Толығырақ »

Томирис Байғабыл – «Еуразия аруы-2023» атанды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәстүрлі «Еуразия аруы» сұлулық байқауы өтті. 100-ге жуық студент ару байқауға қатысуға ниет білдірсе, іріктеу кезеңінен өткен 7 бойжеткен ақтық сында өнер көрсетті. Үміткерлер Томирис Байғабыл, Жанель Серікова, Диана Үмбетовa, Сымбат Қабдыкәдірова, Диана Бахытқызы, Фариза Шиншалина, Әнел Жакаим «Этно-кэжуал», «Ретро-80», «Өнер», «Болашақ-модерн», «Грация» кезеңдері бойынша өзара бақ сынады. Арулардың өнеріне баға берген қазылар-алқасының құрамында елімізге ...

Толығырақ »

Қазақ үшін «7» саны неге қасиетті?

Жеті қазына: Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл, білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы. Жеті жетекші: Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы –кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: Ләйлі – Мәжнүн Фархад – Шырын Таһир – Зуһра Арзу – Қамбар Уәлік – Ғарра Уәки – ...

Толығырақ »

Былғары костюмдер мен кең шалбарлар: 2023 жылы қандай киімдер сәнді?

Фото: Getty images Дизайнерлердің болжамынша, биыл бастан-аяқ былғары немесе джинс киімдер кию сәнге айналады. 2023 жылы нюд пен жарқын түстер, еліктіргіш және көп қабатты киімдер, биік өкшелі және жалпақ табанды аяқ киімдер – әртүрлі киім үлгісі сәнге айналады. Жылдың басты түсі Rokh сән көрсетілімінен | Фото: marieclaire.ru Pantone түс институты 2023 жылдың ең басты сәні ретінде Viva Magenta түсін атады. ...

Толығырақ »

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясынан бас тартты

2022 жылдың желтоқсан айының соңында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Алайда өнер иесінің одан бас тартқаны белгілі болды. Бұл туралы журналист Рашит Ілиясов айтты. Димаш Құдайберген New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтуі керек еді. Бірақ қазақстандық журналиске берген сұхбатында ол Лос-Анджелесте оқуда емес, әйгілі «Титаникке» арналған музыканың авторы, продюсер Уолтер Афанасьефпен ән жазу ...

Толығырақ »

Көкпаршы қыз Алтынай

Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында көкпар тартып жүрген 15 жастағы Алтынай есімді қыз желі қолданушыларын, табиғи көркімен, күлімдеген жүзімен баурап алды. Бұл туралы фотограф, режиссер Ернар Алмабек өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, жазбамен бөлісті деп хабарлайды ZTB арнасы. «Көп бозбаланың ішінде атқа мініп жүрген жалғыз қызды көргенде көрерменнің бірі болар деп мән бермегем. Көкпар басталғанда әлгі қыз додаға кіріп ...

Толығырақ »

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: Ашықтық пен әділдік принциптерін ұстанамын

Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған Асхат Аймағамбетов Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды. Ол өзінің Телеграм парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті.  Асхат Аймағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты:  — Парламент – заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелерді ажырату маңызды. Үкіметтің бұрынғы мүшесі ретінде маған бұл мәселелер өте жақсы таныс, әрі түсінікті. Біздің негізгі жұмысымыз өзекті мәселелерді шешу ...

Толығырақ »

ТЕСТ: Нені ұмыта алмай жүрсіз?

Бәріміздің жанымыз жабырқайды. Әсіресе, өткен шақтағы қателіктер, жарақаттарды ойлап қиналамыз… Алманың біреуін таңдаңыз, сол арқылы сіздің нені ұмыта алмай жүргеніңізді, неге алға жылжымай тұрғаныңызды анықтауға болады. ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ: 1.Сіздің жаныңызды жабырқатқан жағдайлар аз болмаған. Сол қиын кездерде жақын адамдарды жоғалтып алғансыз. Өкінішке қарай, өмір болған соң мұндай жағдайлар алдағы уақытта да қайталана береді. Бастысы, сіз мықтысыз және кез-келген қиындықты жеңе ...

Толығырақ »

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР: Атамекен. Ел. Халық

Алтын, күміс жауған жерден де Туып-өскен ел артық. Аспандағы бұлтқа қарама, Жердегі жұртқа қара. Айырылған ел азады, Қосылған ел озады. Айырылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен. Айырылсаң үйіріңнен, Қолың кетпес бүйіріңнен. Адассаң, еліңмен адас. Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің, Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің. Аздың атасы бір, Көптің батасы бір. Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. ...

Толығырақ »