Басты бет » Даналық дәптері (страница 2)

Даналық дәптері

АБАЙДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТ

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. 2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. 4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. 5. Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың. 6. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез ...

Толығырақ »

Жалындап өткен жас ғұмыр

  Қайтейін, бұл да өмірдің өктемдігі, Қап-қара тұман басып, бар мұңымды. Тоқырап мәңгілікке кеткен күні, Топырақ жоғалтады арманымды! – деп Ақжайықтың арыс ұлы, жырдың асыл берені, айтыскер ақын Асылбек Миразатұлы Ищанов жырлаған еді. Осылайша, жастық арманымен бірге мәңгілік мекенге аттанған ақынның артынды жалынды жырлары қалды. Сол мұраны көпшілік игілігіне жарату бүгіннің еншісінде. Қаймана қазақ жұрты барда Асылбектің биігі аласармақ емес. ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕСКЕН ДИПЛОМАТ

ЭССЕ-ДИАЛОГ                 Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы күрескен, аңсаған арманы мен мұраты болатын. Осы жолда сан ұрпақтың қаны төгіліп, намысы жаншылды. Енді міне, сол азаттығымыз, егемендігіміз бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылды.            Қазақ елінің тәуелсіз ел болуына, сыртқы саясатының дамуына дипломаттар елеулі істер атқарды, қазір де зор еңбек сіңіріп келеді. ...

Толығырақ »

АТА ТӘЛІМІ

  – Арман деген не? — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына ...

Толығырақ »

Қазақ зиялыларының 20 жастағы белестері

Жастарға мотивация ретінде, 20 жасында қазақ зиялылары қандай қасиеттерімен ерекшеленіп, нендей жетістіктерге қол жеткізгені жайында қысқаша ақпарат. ⁣⁣⠀⁣⁣⠀1. Әл- Фараби — әлемнің екінші ұстазы жиырма жас кезінде Отырарды тастап, білім алу мақсатында Бағдатқа қоныс аударды. Ол онда аудармашы, түрлі ғылымдар салаларының зерттеушісі болып еңбек атқарды.⁣⁣⠀⁣⁣⠀2. Шохан Уәлиханов — 19 жасында алғашқы «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір ...

Толығырақ »

ОЛЖА

Бірде мен Нью-Йорк метросының электр пойызымен жүріп өткенім бар. Үйге келгенде, мен өз қалтамнан алтын сағат тауып алдым. Бұл бағалы заттың қалтама қалай түсіп кеткеніне ақылым жетпеді де, мен оны полиция бөлімшесіне апарып өткіздім, — деп жазады әйгілі комик Чарли Чаплин.Келесі күні пошта тасушы маған хат әкеліп берді. Онда «Құрметті, Чаплин мырза! Сізге хат жазып отырған — кәсіпқой қалта ұрысы. ...

Толығырақ »

ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

(Ең толық нұсқа) Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ — «Ұл» деген. Ұлдан туған бала — Немере. Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай) Шөберенің ұрқы — Шөпшек. Шөпшектің ұрқы — Немене. Неменеің ұрқы — Жүрежат(кейде некеге рұқсат берген) Жүрежаттың ұрқы — Туажат(некеге рұқсат) Туажаттың ұрқы — Жекжат. Жекжаттың ұрқы — Жамағайын(ұрқыға айналады) Жамағайынның ұрқы — Жұрағат(руға айналады) Қазақтарда өзара құдандаласу – ...

Толығырақ »

Байлық пен Кедейлік туралы аңыз

Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа: ­– Біздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты. «Қап, қалай жауап берсем екен?» – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: «Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, ...

Толығырақ »

Жыртық аяқкиім

Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеуі жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқкиімге көзі түседі. Шәкірт ұстазына: – Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқкиімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық,– дейді. Сонда ақылды ұстазы: – Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық ...

Толығырақ »