Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және қазақ тілінің құндылықтарын насихаттау, «Үлгілі жанұя» модельдерін құру, ата-ана мен бала қарым-қатынасын жетілдіру.
Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана қаласының Білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары және ата-аналары (№45, 85, 82, 78, 66, 77 Есіл ауданның мектептері) қатысты.
– Ата-ана, бала, мектеп үштігінің байланысын нығайтатын, ұлттық құндылықты дәріптейтін осындай шаралар ауадай қажет. «ЗИЯТКЕР ОТБАСЫ» атты қалалық отбасылық интеллектуалдық байқаудың жеңімпазы 66 мектептің атынан келген Анияровтар отбасының қазақ тілі, ділі, құндылығы туралы шағын ғана қойылымы жан-жүрегімді тебірентті.
