Басты бет » Әдеби әлем (страница 2)

Әдеби әлем

ОН ТЕҢГЕ

Бір адам ұтыс ойынынан он миллион теңге ұтып алады. Ол бұған дейін де осыны ойнап келген, бірақ ешқашан ұтып көрмеген, бұл жолы ірі ұтысқа ие болды, мол олжаға кенелді. Дос-жараны «кедей жігіт бұл қыруар қаражатты қайда жұмсайды, жақсы үй, көлік алатын болар» деп ойлайды. Оны сыртынан барлығы «миллионер» атап та кеткен. Бірақ «миллионер жігіт» олар күткендей әрекетке бармады. Жұпыны үйі, ...

Толығырақ »

1 наурыз – Мәншүк Мәметова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған күн

      Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі – Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туған. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина ...

Толығырақ »

ҚАРАПАЙЫМ АДАМ

Ірі құрылыс компаниясына жаңадан басшы тағайындалды. Жұмысы қожырап қалған саланы бірден қолына алып, өрге сүйреді. Аз уақыттың ішінде компания тұралаудан тұрып, қарыздан құтылып, қарқынды даму жолына түсті. Байқадам Мұратұлының бұл ұжымға басшы болып келгеніне де бес жыл өтіпті. Бір күні Байқадам әріптестерін үйіне қонаққа шақырды. Бәрі келетін болды. Келді де. Басшының үйі көп қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан үш бөлмелі ...

Толығырақ »

Жас жазушыларға арналған президенттік сыйақы тағайындалады

Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Jastar janary порталы Egemen.kz-ке сілтеме жасап. «Отандық әдебиетті жаңа ағыммен толықтыру және ұлтымыздың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, сондай-ақ қазақстандық әдебиет пен баспаларға тың серпін беру мақсатында «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы енгізілді. Игі дәстүрді одан әрі дамыту мақсатында биыл ...

Толығырақ »

Жадыра ШАМҰРАТОВА. Төртбұрыш адамның бір күні

(Новелла) Жадыра Шамұратова Түні бойы компьютер мен телефонға тесілген көзіме бірауық еркіндік бермекші болып, он бесінші қабаттан терезеге телміремін. Көліктер таң атар-атпастан дөңгелегінен лай шашырап, айналасын газға бөктіре заулайды, Қабанбайдың бойын у-шу мен бажылға толтырып өрт сөндіргіш машина мен жедел жәрдем көлігі өтіп барады. ЛРТ-ның тігінен қойған тас табыттар секілді табандары меңіреу мелшиеді. Бұрын осы жерден күннің қызыл жалқынданып, айналасына ...

Толығырақ »

Оралханның Шерханға жазған хаты

Оралхан еске түскендегі елес пен ойлар мақаласынан Мен алпысқа толғанда Оралхан маған арнап екі-ақ абзац сөз жазды. Бірақ сол екі ауыз сөзге ол ширек ғасыр бірге болған ғұмырымызды сыйдырып жіберді. «Аға! Мен Сізді ешқашанда аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап, құрмет тұтып келемін. Бәлкім, осынау алдымен ...

Толығырақ »

АНАСЫН ІЗДЕГЕН ҰЛ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле ДОСЖАН (ӘҢГІМЕ) – Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін, – деді бозбала. Олар Түркиядан ұшып келе жатты. Жанындағы әкесі бір кездегі қатігездігінен Құдайдың қаһарына ұшыраған ба, арбаға таңылыпты. Мүгедек демесең – тап-таза киінген, келбетті, сырбаздығы сыртына теуіп сызданады. Қос дөңгелекті арба, ұшақтың ...

Толығырақ »

Жақсы ит

(Әңгіме) Сурет: https://sunmag.me/ Арланның иесі үйін сатуға қойып, өздері қалаға көшіп кетті. Иесіз қалған иттің жарытып ас ішпегеніне аптадан асты. Көшуге әрекет жасалып, көлік­тер қақпадан еніп, заттар түй­дек-түйдек теңге айналып, буын­шақ-түйіншектер көлікке артыла бастағанда ғана көшірісіп жатқан­дар байлаулы тұрған Арлан­ға назар аударды. Бірі «босатып жіберейік!» десе, енді бірі «босқа қаңғыртқанша атып тастаған жөн шығар» деді. Иттің аянышты түрін көрген көршісі ...

Толығырақ »

Жоғалған әмиән

Бір адам көшеден ақша толы әмиән тауып алады. Сол кезде оның отбасы қаражаттан қатты қиналып, тұрмыста тарығып отырған еді. Алайда ол тапқан олжасына бір қарағаны болмаса, ішіндегісіне саусағының ұшын да тигізбейді. Әмиәнді қалтасына салып қояды. Үйіне келсе, сол қара су мен қара наннан өзге талғажау қыларлық дәнеңе жоқ. Ол тапқан олжасын ойлап, бірер ақшасын алса қайтер еді деп қиналады, алайда ...

Толығырақ »

«АПА-АУ, АУЫЛҒА БАРҒЫМ КЕЛІП ЖҮР»

Балғаным мен әжесі бүгін де түн ортасы ауғанға дейін күбір-күбір әңгімелесіп, кірпік ілмеді. Әсіресе тәлім-тәрбие, ұлттық құндылық хақында қарт ана әңгімені әріден қозғайды. Күн сайын қаузайтын тақырыптары да түгесілмейді. Әжесі жыр қылып айтудан, Балғаным ұйып тыңдаудан жалыққан емес, әсте. – Бәкөн-әй, қызым, ояумысың, – деген Сымбат әже, оның «ояумын» деген үнін құлағы шалса болғаны, ақыл-кеңесін айта жөнеледі. – Әмәнда қыз ...

Толығырақ »