Бала кәдімгі бала еді. Үлкендердің арасында не жағдай болып жатқанын анық білмесе де, әйтеуір, әкесі мен шешесінің кикілжіңінің соңы әдеттегіден ұзаққа созылғанын байқаған. Тоң-торыс қабақтың салқыны аядай пәтердің ішін де суытып жіберген. Үлкендер оның бала екенін, миы жетіліп үлгермегендіктен көп нәрсені онша түсіне бермейтінін ескермейтін. Ал оның түсінбегені көп. Ол тіпті папасының бұның мамасына не үшін ашуланып «талақ» деп айқайлағанын, ...
Толығырақ »Әдеби әлем
Бейуақта ашылған құпия
Жадыра ШАМҰРАТОВА (Хикаят) Дөңгелегін санап айналдырғандай, кежегесі кейін тартып, өзін өзі қыстағандай әрең жүріп келіп тоқтаған автобус ішіне иін тірескен жұртпен араласып кірген бойда қалтасынан ұялы телефонын алып уақытты қарап жатып, «кешегідей тағы кешігіп жүрмесем жарар еді» деп ойлады. Күндегі көрініс. Бала кезден таныс өзіне. Кейде жалықтырады, кейде адамдарды сырттан бақылау әдеті көңілін бөледі. Бірінің аяғын бірі басып, бірінің сөмкесінің ...
Толығырақ »Жәудір Нартай. КӨКЕ (Әңгіме)
Сағын көкемнің бейнесін алғаш рет үйдегі ескі альбомдардың бірінен көргенмін. – Менің Алматыдағы нағашы ағам, – деп марқайды әкем бірде қара түсті фотосуретті қолыма ұстатып жатып. Суреттегі адамның бейнесін алғаш көргенімде, езуіме балаң күлкі үйіріліп: – Түрі күлкілі ғой, – дедім. Менің көзіме суреттегі кісінің киім кию үлгісі соншалық қораш көрінген еді. Кала шалбарының балағы жер сызып, панама қалпағын бастыра ...
Толығырақ »СІЗ ҚАНДАЙСЫЗ… ЖАҒЫМПАЗ ЕМЕССІЗ БЕ?
Жиі естиміз. Жағымпаздардың сөздерін. Май ішкендей қылады. Ұялмайды да. Сонысын мақтаныш тұтады. Тіпті, той-томалақтың өзінде жағымпаздықтың «жақсы үлгісін» көрсететін ағаларымыз қаншама. Ал ұлықтардың ұлтарағына айналуға бейіл жағымпаздар туралы айтпасақ та болады. Еске сала кетейін, бұл өткенде өздеріңіз менің парақшамнан оқыған «ҚҰЛДЫҚ САНА», «ЖЕМҚОРЛЫҚ», «ПАРАҚОРЛЫҚ» сияқты ұлттың дамуына бірінші кезекте кері әсері бар әдеттерден арылу, һәм РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ӘРКІМ ӨЗІНЕН БАСТАУ ...
Толығырақ »АЙФОН
Киімі мұнтаздай таза келген жігіт ағасы қалта телефонымен әлдекіммен сөйлесіп келе жатып, бейтаныс ауланың маңына аялдаған еді, сол арада ойнап жүрген балалардың бірі мұны көре сала «ағатайлап» қасына жетіп келді. – Аға, сіздің телефоныңыз «айфон» ба?!. – Иә, солай… – Артында жарты алманың суреті бар ғой, дә?!. – Бар екен… – Онда маған «айфоныңызды» бере тұрасыз ба?!. – Оны неғылайын ...
Толығырақ »Алижан ТҰРҒАЛИ. ҮШ РУХ (өлеңдер)
Алижан Тұрғали 2011 жылдың маусым айында дүниеге келген. Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы. Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің түлегі, «Ақберен» жас ақындар мектебінің шәкірті. Облыстық «Сәкен оқулары», «Абай оқулары», «Махамбет оқуларының», «Жайық толқыны» фестивалінің Бас жүлде, облыстық «Тартынбай сөйлер асылмын» оқушылар айтысының 2 орын иегері, Хамит Әбілов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шығармашыл оқушылар ...
Толығырақ »ОРАЛДА ҚАДЫР ТОЙЫ ӨТУДЕ
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай Ақжайық жерінде дүбірлі той басталды. Мерейлі күн ақын атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ашылғанына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл ертеңгі ұрпаққа қалатын құнды дүние. Мұрағатта сақталатын асыл қазына. Ақын туралы айтылар сырлар сарқылмақ емес. Бұл той Қадыр ақынның өнегелі өмірін кейінгі жастарға ...
Толығырақ »Жадыра ШАМҰРАТОВА. Ерекше сыйлық
Сая бүгін ерте оянды. Туған күні еді. Туған күн деген аты болмаса, өзі үшін ішкі мұңын кеулетер күндердің бірі ғана. Соңғы жылдары әдеттегі тыныштығын бұзатын аты бар не аты жоқ мерекелерді ұнатпайтын болған. Жалғыздық – адам жүрегіне бір сәтте емес, бірте-бірте сіңетін тыныштық. Сол тыныштыққа үйреніп алыпты. Кезінде қысы қытымыр, жері батпақ, масасы маза бермейтін, иен жатқан бозғыл дала жайлы шаһарға айналғалы қашан! Сол ...
Толығырақ »Жас жазушының романы үздік атанды
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Freedom Holding Corp. компаниясының демеушілігімен «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының IV маусымының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайын өткізілетін әдеби байқау қазіргі Қазақстанның шынайы бейнесін көркем тілмен бейнелейтін шығармаларды анықтап, талантты авторларды насихаттауды мақсат етеді. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған байқауға 21 автордан қазақ тілінде – 9, орыс тілінде – 12 қолжазба ұсынылып, халықтық ...
Толығырақ »Батыр туралы баллада
Абдрахман Асылбек Алыстан тауды дәрпі бар – Қасына келсең, обадай. Алыстан дәудің дәрпі бар – Қасына келсең, баладай. (Халық нақылы) 1 Мың тоғыз жұз қырық бестің сәуірі – Қанға бөккен қара жердің сауыры. Қайғы-мұңнан тұрды белі қайысып, Түсіп оған бар салмақтың ауыры. Толастамай оқтың нөсер жауыны, Адамзаттың езіліп ет-бауыры, Қылғындырып қайғы-кегі халықтың, Өшіп бара жатты ақтық жау үні. Сәуірдің сол ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы