Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 51)

Архив блога

Отбасы сәні – сыйластық

 Отбасы – мемлекеттің басты тірегі. Сондықтан отбасындағы сыйластық пен жарасымдылық – елдің басты құндылығы саналады. Әрбір отбасы осы қағиданы берік ұстанса, ел іргесі берік болмақ. Осы орайда отбасы беріктігі, шаңырақ шаттығы туралы көпбалалы отбасы Әлібек Оңдасынұлы мен Бағила Сәрсенбайқызымен әңгімелестік. Отбасы Ақмола облысы Степногорск қаласында тұрады. Әлібек пен Бағила бес бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. Отағасы үй жөндеу жұмыстарымен айналысса, отанасы ...

Толығырақ »

Қуыршақ театрында 88-ші маусымның жабылуы: Николай Гогольдің «Шекпен» және Шарль Перроның «Етік киген мысық»

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейлі 88-ші маусым шымылдығын 29 маусым күні сағат 12:00-де француз жазушысы Шарль Перроның әлемге әйгілі балаларға арналған «Етік киген Мысық» ертегісімен және жасөспірімдер мен ересектерге бағытталған белгілі классик қаламгер Николай Гогольдің «Шекпен» спектаклімен жабылады. Тамырлы тарихы ғасырға жуық Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры үшін 88-ші маусым тағылымды қойылымдарға, жарқын жеңістерге, зор жетістіктерге, жағымды жаңалықтарға толы елеулі сәттерімен ...

Толығырақ »

ҰБТ: Пилоттық жоба аясында 300 грант бөлінеді

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша оқу орнына тапсыра алмай қалған жас түлектердің арасында 300 грант тағайындалатынын хабарлады. Комитет мамандары тағайындалған гранттар ҰБТ нәтижесі арқылы жоғарғы балл жинап, дегенмен де, грантқа түсе алмай қалған жас түлектерге конкурстық негізде берілетінін айтты. Жоғары білім беру комитеті тағайындаған сараланған гранттар рет болып отыр. Министрдің 118 бұйрығына сәйкес, пилоттық гранттар ...

Толығырақ »

Ұлттық дәстүр деген не?

Салт-дәстүр дегеніміз – ежелден ата-бабамыздан жалғасып келе жатырған ұстанымдар. Салт-дәстүр ежелден наным-сенімге, дүниетанымға байланысты қалыптасып отырған. Ал оларды қоғамдағы атқарып отыратын қызметке қарай отбасылық және әлеуметтік деп қарастыруға болады. Мәселен, отбасылық дәстүрде кішкентай нәрестенің дүниеге келуі, тәлім-тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзату немесе өлім-жітім мәселесін жатқызуға болады. Ал әлеуметтік дәстүрлер түріне бүкіл ел болып тойлайтын әдет-ғұрыптарды айтуға болады, оның ішінде, наурыз ...

Толығырақ »

Психологиялық тест: ҚАЙ СӨМКЕНІ ТАҢДАЙСЫЗ?

Басқалардан қандай ерекшелігіңіз бар екенін білгіңіз келсе, суреттен бірінші назарыңызды аударған сөмкені таңдаңыз. №1 сөмке Бірінші болғыңыз келеді. Әрқашан өзіңіздің орныңыз үшін күресесіз. Жұмысқа көп күш жұмсайсыз. Басқалар сізді құрметтейді және бағалайды. Сіз өтірікті жек көресіз және өтірік айтқан адамды кешірмейсіз. Сіздің артықшылығыңыз: ешқашан еңсеңізді түсірмейсіз, сенімді жоғалтпайсыз, өзіңізге сенесіз. №2 сөмке Жалғыздықтан қорқасыз. Адамдармен қызықты тақырыпта әңгіме айтқанды жақсы ...

Толығырақ »

«Тексіздіктен туған ерсілік»: Киіз үйде бейәдеп би билеп, ұятсыз әрекетке барғандарды жазалау қажет

Фото: видеодан скриншотталды Қазақтың қасиетті әрі киелі баспанасы киіз үйде ерсі қылық шығарып, ұятсыз би билеген жастардың видеосы жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Ұлттық киім киіп, бейәдептілікке барғандар жазасыз қалмауы керек деген пікірде әлеуметтік желі қолданушылары, деп жазды Jastar janary. «Бізде ұлттық идеология бар ма өзі? Неге әркім білгенін істеп жүр? Абылай туған, Абай туған кигіз үйде жартылай жалаңаш қыздар   билеп жүр ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМІНІҢ 40 УНИВЕРСИТЕТІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді. ...

Толығырақ »

ЕҢ ӘДЕМІ КИІМ – ҰЛТЫҢНЫҢ КИІМІ

Тұрат СӘТТАРҚЫЗЫ,  тарихшы, этнолог Мына көне суретте аппақ кимешек киген қазақтың жас келіншегі. Жаугершілік заманда қазақ әйелдері кимешектің үстінен ораған күндікті ақтық (ақыреттік киім) ретінде де пайдаланған. Сонымен қатар, бала босанып жатса, күндігін жыртып жіберіп балаға жаялық ретінде де қолданған. Кейде күндікке 25 метрге дейін мата пайдаланған екен. Кимешекті бүгінде кемпірлер киген деген түсінік қалыптасқан. Қыз дәурені бітіп, тұрмысқа ерте ...

Толығырақ »

«Талақ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде үздік атанды

Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) толықметражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді.  Шанхай фестивалі – «А» класына жататын он фестивальдің бірі. «Талақтың» басты рөлін Ерболат Әлқожа сомдаған. Киногерлер арасындағы беделді додалардың бірінде топ жару қазақ кино тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде есте қалмақ. Шанхай фестиваліне Франция, Аргентина, Испания, Германия, Иран және Қытай елінде таспаланған картиналар ұсынылыпты. Яғни, ...

Толығырақ »

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жастары бас қосты

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің XVII отырысы өтті. Шараға 10 мемлекеттен 150-ден астам делегат келді. «Экологиялық ортадағы жастар көшбасшылығы: ШЫҰ шеңберінде тұрақты болашаққа жол салу» деген атаумен өткен шарада жастар экология мәселесін талқылып, ол туралы ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушы – «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының Астана саммиті қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» ...

Толығырақ »