Фото: baq.kz
Алматы облысында 8 сынып оқушысы бір автобустың жолаушыларын аман алып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Автобус жүргізушісінің кенеттен талмасы ұстап, автобусты басқара алмай қалған.
Сол кезде жас жігіт тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан. Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі – Ақжол, ол 24 лицейдің 8 «Е» сынып оқушысы, – деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінде.
Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.