Әлеуметтік желіде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген тазы күшігін көрсетіп, фотосуреттер жариялады.
«Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым.
Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады.
Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады.
Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.
Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді.
«Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы — «шапшаң», «епті».
Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын!
Тазының атын «Ғарышкер” деп атадық», – деп жазды Димаш.
Әлеуметтік желі қолданушылары «Күшті дос болсын! Керемет сыйлық!», «Бағын өрлей берсін қазақтың бағы мен мақтанышы! Президент терең ойлы,зиялы,таза азамат! Достық қатынастарың ұзағынан болсын!», «Бағын өрлей берсін қазақтың бағы мен мақтанышы! Президент терең ойлы,зиялы,таза азамат! Достық қатынастарың ұзағынан болсын!» деп жылы лебіздерін жазуда.