Букмекерлік кеңселерді, лотереяларды және онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынады.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжілісте өткен брифингте мәлімдеді.
«Ажырасулардың 40%-ы осы себептен болатынын көріп отырмыз. Лудомания қазір ажырасу себептері арасында маскүнемдік пен нашақорлықтан кейін 2-ші орынға шығып отыр. Бұл үлкен проблемаға айналды», — деді Әлихан Смайылов.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет лудоманияға қарсы күреске бағытталған тиісті нормаларды әзірледі.
«Бірінші кезекте, бұл — букмекерлік кеңселерді, лотереяларды және онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салу. Екінші, құмар ойындарына қатысуға рұқсат беретін жас деңгейін 25 жасқа дейін көтеру. Сондай-ақ борышкерлердің, алимент төлемегендердің және банктік несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі бар тұлғалардың бірыңғай реестрінде тұрғандардың ойындарға қатысуына тыйым салу қарастырылған», — деді Премьер-Министр.
@qazaqstantv