Басты бет » Жаңалықтар » Facebook орысшаға емес, енді қазақ тіліне басымдық бере бастады

Facebook орысшаға емес, енді қазақ тіліне басымдық бере бастады

Сарапшылар жыл аяқталар тұста дәстүрлі түрде әлеуметтік желілерге қатысты Үлкен деректерді талдап, жылдың қорытындысын шығаруда.

Қазақстандағы орыс тілі үстем әлеужелілер – ресейлік Однокласники және Вконтакте: олардағы жазбалардың тиісінше 90,2%, 79%-ы – тек орыс тілінде. Қазақша жазбалар 7 пайызға да жетпейді. Қалғаны өзге тілдерде жазылады.

Facebook керісінше, негізінен қазақ тілді: авторлардың 43 пайызға жуығы тек қазақ тілінде жазады. Орысшасы – 40,9%.

Telegram-да 63,2%-ы – орыс тілінде. 6,2 пайызы ғана таза қазақша. Қалғаны аралас немесе өзге этностардың тілінде болып келеді.

Instagram да негізінен орысша жүргізіледі: 61%-ға жуық. Мемлекеттік тілдегісі – 11 пайыздай.

Youtube-тегі контенттің басым бөлігі немесе 59,3%-ы – орыс тілінде жасалады. Қазақшасы – 10,9%.

 t.me/atamekenbusiness_qaz