Басты бет » Жаңалықтар » Кәсіпкер қызметкеріне пәтер сыйлады

Кәсіпкер қызметкеріне пәтер сыйлады

Әлеуметтік желіде көпшілікке жақсы танымал блогер әрі кәсіпкер Талғат Итаев қызметкеріне ерекше сый жасады. 

Бұл қуанышты жаңалығын кәсіпкер Instagram-парақшасында бөлісті. Танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметованың жары Талғат Итаев Asarume қайырымдылық қорымен бірігіп, көлік оңдау орталығында тазалықшы болып жұмыс істейтін бес баланың анасына пәтер сыйлады.

«Талғат бауырымыз өз қызметкері туралы айтып берді, біз осы әйелге бірлесіп үй сыйлауды жөн көрдік. Бұл — бұрын-соңды болмаған жағдай, елестетіп көріңізші, өмірін өзгертуге бастығы себепкер болды. Сіз де осылай қызметкерлеріңізді ынталандыруыңыз керек», — делінген видеоның сипаттамасында.

Талғат Итаевтың айтуынша, Құндыз (қызметкердің есімі — еск.) 1 жыл бойы жұмыс істеп келеді, алайда басшылық тарапынан бірде бір ескерту алмаған. Оның бес баласы бар, олардың екеуінің денсаулығы нашар көрінеді. Қызметкерінің жағдайын ескеріп, осылайша тосын сый жасады.

«Көп-көп рақмет, өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім», — дейді қызметкер.

Бейнежазбасы төмендегі сілтемеде:

https://www.instagram.com/reel/CykhCY8McQ2/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==