Басты бет » Жаңалықтар » Ұстаздар арасында зияткерлік сайыс өтті

Ұстаздар арасында зияткерлік сайыс өтті

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор. Осындай құрметті мамандық иелеріне арналған зияткерлік сайыс өткізілді.
Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Қазақша Quiz” тақырыбы таңдалған додада шаһардағы мектепердің жас ұстаздары бой көрсетті.
«Жауап», «Біз білетін өлең», «Тұлғаны тап», «Кино көрем», «Бәс» барлығы 5 кезеңнен тұратын зияткерлік сайыс тартысты өтіп, 80 жуық мұғалім бақ сынасты.
Білім бәсекесіне қатысқан барша ұстаздар Орал қаласының білім бөлімінің басшысы А.Темірханова мен Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Д.Жүсіпқалиевтің атынан  алыс хатпен марапатталды.
Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды 49  ЖОББМ намысын қорғаған ұстаздар ие болса, ал 2 орынды Серебрякова ЖОББМ үмітін арқалаған мұғалімдер қанжығалады. Ал үздік үштікті 50 ЖОББМ мектебінің үздіктері түйіндеді.
Еңбегі өлшеусіз, ізгі қоғам тәрбиелеуде өзін де, уақытын да аямайтын ұстаздардың еңбек жолына сәттілік тілейміз!
Сымбат Қыпшақбай,
Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен
жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы